Әдеби KZ
– Қорықпаңыз, жігітім, әйеліңіз осында қалады. Киімін үйге алып қайтасыз.
Босанғаннан кейін бір аптадан соң киімдерін қайта алып келіп, әйеліңізді де,
балаңызды да үйіңізге алып кетесіз, – деп тыныштандырды ол.
«Аузыңызға май!» дедім мен ішімнен. Содан соң Меңтайдың киімін
құшақтап үйге қайттым. Үйге жеткенше денемнің дірілі қалмады. «Апырай,
мына киімін қайтарып беретіндері жаман ырым екен!» дей бердім ішімнен.
Сонда неге жаманға жорыдым екен деген ой маған күні бүгінге дейін келеді.
Әрине, ол ойлағандықтан да емес қой. Әшейін құр далбаса ғой менікі.
Сонымен, не керек, мен сондағы Меңтайдың киімін құшақтаған бойда
қалдым ғой ақыры...
Меңтай перзентханада төрт күн болды. Үш күн бойы күніне үш pет барып,
терезеден көріп кетіп жүрдім. Ол екінші этаждағы палатада болатын. Мен
«Меңтай!» деп дауыстаймын келе сала асығып. Ол менің үнімді ести сала
төсегінен түсіп, терезенің жанына келеді. Сөзіміз бір-бірімізге жөнді
естілмейді. Содан кейін екеуміз сақау кісідей ымдаса бастаймыз.
Мен төменде тұрып оған, суға батып бара жатқан кісіге ұқсап, қайта-қайта
иек қағамын.
Оным – «жайың қалай?» дегенім. Меңтай балаша жымиып, басын изейді. Ол
– «түсіндім» дегені. Содан соң аурухананың олпы-солпы ақ көйлегінің
сыртынан кеудесін басады да, алақанын жайқайды. Онысы – «қорықпа, мен
үшін алаң болма» дегені. Сөйтеді де, екі көзін ботаның көзіндей мөлдірете
кең ашып, маған қарайды. Сұқ саусағымен қайта-қайта мені нұсқайды.
Онысы – «өзің қалайсың?» дегені. Мен бас изеймін де, екі қолымның басын
төмен салбыратып жіберіп, кезек көтеріп, саусақтарымды жыбырлатамын.
Оным «Кешегі мақаламды машинкаға бастырдым» дегенім. Меңтай түсініп,
қайта-қайта басын изейді. Сонсоң мен сұқ саусағымды көрсетемін. Мұным –
425
Достарыңызбен бөлісу: |