Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет416/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   412   413   414   415   416   417   418   419   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

–  «Адасқанның  –  алды  жөн,  арты  –  соқпақ»,  –  деп  Жомартбек  ақырын 

әндетіп қойды. 

–  Осы  кітапты  көрсем  бар  ғой,  –  деді  Зайкүл  жұмыртқадан  тағы  бір  асап 

жатып,  этажеркадағы  кітаптарға  көзі  түсіп  кетіп,  –  аза  бойым  қаза  болады. 

Кітапты  жек  көретіндігімнен  бе  қайдан  білейін.  Әнеукүні  түсімде  бар  ғой, 

Меңтай,  бар  кітап жиылып  мені  сабап  жүр.  Мынау  Жомартбектей  шілмиген 

жұп-жұқа  «Логиканың»  өзі  жұдырығын  түйіп  ентелеп  келе  жатыр.  Түсте 

кітаппен  төбелескен  не  болады  екен  осы?  Білесің  бе,  Меңтай?  –  Меңтай 

басын  шайқады.  –  Ендеше  мен  емтиханда  құлап  қалатын  шығармын  деп 

жорыдым. 

– Сен құласаң, мен мұрнымды кесіп берейін, – дейді Жомартбек қуланып. 

–  Керегі  жоқ  мұрныңның.  Бірақ  қалай  құламаймын  төрт  жыл  оқығаннан 

түйірдей ештеңе жоқ басымда. Сенесіңдер ме осыған? 

Біз үшін жауапты Жомартбек берді. 

– Сенеміз. Бірақ сендей сұлу қызға жасаған жар болады, Зайкүл. 

Зайкүл мақтанып, қуанып қалды. 

–  Табиғат  әділ  ғой,  шіркін,  –  деді  ол.  –  Ой  бермей,  маған  өң  бергенін 

айтсаңшы! – Үстел шетіндегі айнаны алып, басын қисаңдатып бетіне тосты. - 

Мынандай өңі бар кісіге ойдың керегі не? Әһ? 

–  «Айнаның  қарсы  алдына  маймыл  барып»,  –  дейді  тағы  да  Жомартбек 

әндетіп,  бірақ  «маймыл»  деген  сөзді  Зайкүлге  естіртпей  міңгірлей  айтып.  – 

Жаман болсаң да, жас болғанға не жетсін, Зайкүл. 

Біз  бәріміз  ду  күлеміз.  Сөйтіп  Зайкүл  кетеді.  Одан  соң  өзгелер  келеді.  Күлкі 

күлкіге жалғасады. 



422 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   412   413   414   415   416   417   418   419   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет