Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет410/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   406   407   408   409   410   411   412   413   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

– Ақылдасып кеп артынан айтайын. Кімнің орны? 

– Шалғынбаевтың орны. 

Менің көзім бақырайып кетті. 

– Ол қайда? Неғып кетті? 

– Басқа жұмысқа ауысты. Газетте істеуге қабілеті жетіңкіремеді. Оның үстіне 

мақтаншақ, даңғой, ішкіш адам болып шықты. Ал өз шешіміңді айт кәне. 

«Апырай,  Шәкем-ай,  –  дедім  мен  ішімнен.  –  «Аһ!»  деп  өзіңнен-өзің  сиыр 

қайырғандай болып отырушы едің. «Тіркемелі» жүз елу грамм түбіне жеткен 

екен ғой, тегі». 

– Қазір, семьяммен ақылдасайын, Бәке, – дедім содан соң. 

–  Семьялы  болып  па  едің?  Құтты  болсын,  –  деді  жауапты  секретарь.  – 

Семьялы болсаң осы қызметке кіргенің жөн болар. 

Жүгіріп есік алдына шықсам, Меңтай мен Майра күтіп тұр екен. 

– Иә, неге шақырыпты? – деді Майра. 

– Бізге қызметке кел дейді. 

– Иә, сіз не дедіңіз? 

– Семьяммен ақылдасайын, – дедім. Майра мәз боп күлді. 

– Ал, семьясы, айт, – деді Меңтайға бұрылып. 

– Оқу бар ғой, – деді Меңтай. 

– Қалған бір курсты жұмыс істеп жүріп-ақ бітірмеймін бе? 

– Ана жақтағы жұмысыңды қайтесің? 




416 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   406   407   408   409   410   411   412   413   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет