Әдеби KZ
Маған Бүрген өзені шалқып жатқан дария, Көктөбе асқар тау сияқты боп
көрінді. Мен дүниенің төріне шығып, төбесінде тұрғандай сезіндім өзімді.
Иә, сол күні кешке Майра болмастан той жасады. Ауыл жиналды. Махаббат
гимні – «жар- жар» айтылды, әндер шырқалды. Ауыл адамдары Меңтай
екеумізге ақ жүректерінен шыққан адал тілектерін айтысты. Шарап жоқ,
шатақ жоқ шаршы ғана жиын жасадық өзімізше.
Ертеңінде Меңтай, Майра, мен үшеуміз қалаға келдік. Жатақханаға кірсек
маған деген тілдей ашық хат жатыр. Оқып жіберсем, былай деп жазылыпты.
«Ербол! Сен бізге аса қажетсің. Тез келіп, маған жолық. Б.Уазитов».
– Мені редакция іздеп жатыр. Барамыз ба, қыздар? – дедім неге екенін
білмесем де өз- өзімнен қуанып.
– Барайық, – деді олар бірден.
Базардың қасына келіп, трамвайға отырдық. Одан кейін біраз жаяулап
редакцияға бардық. Жол бойы мен жақ жаппастан сөйлесумен болдым.
Қыздар күлумен болды.
Қыздар тосып сыртта қалды. Мен ішке кірдім.
– Ә, келдің бе, Ербол? – деді жауапты секретарь мені көріп. - Сәлеметсің бе?
Хал қалай?
Сессияң бітті ме?
– Бітті.
– Оқуыңды қашан тауысасың?
– Енді бір он шақты айдан кейін.
– Бізде бір орын босады. Сені қызметке алсақ деп ойлап едік. Қалай көресің?
415
Достарыңызбен бөлісу: |