Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет406/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   402   403   404   405   406   407   408   409   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

–  Айналайын,  көкетайым!  –  деді  Меңтай  «айналайын»  деген  сөзді  жанды 

еріте созып айтып. 

Айлы түнде айдай жарымның ашық жатқан аппақ кеудесіне тағы да құмарта 

көз тіктім. 

Ұлы  даналар  жасаған  жан  ләззаты  –  жалаңаш  әйел  бейнелері  көз  алдыма 

елестеді сол сәт. 

Гойяның биік төсекте шалқалай сұлап, топ-томпақ қос анары қызықтыра көз 

тартып,  өзіңе  маужырай  қараған  бұраң  бел  жалаңаш  Махасын  көргендей 

тамсандым. Енді бір сәт Тицианның қою қолаң шашын уыздай денесіне шәлі 

етіп  жамылып,  жұмыр  білегі,  қос  анары,  үлбіреген  ақ  тамағы  ғана  ашық 

қалған жанды еріткен жас сұлу Мария 

Магдалинасы  мен  ақ  санын  айқара  ашып  тастап,  сабыры  сарқылып  жатқан 

Данаясының  бір  сәт  Рубенстің  оң  иығына  жалт  бұрылып,  әлденеге  құмарта 

қарап қалған сымбатты Вирсавиясының қасында тұрғандай сұқтандым. 

–  Айналайын,  –  деді  осы  кезде  Меңтай  даусын  соза  сөйлеп,  жалынғандай 

болып, – қарамашы тесіліп, қойшы, көкем. Ұяламын. Біреу көріп қояды. 

– Кім көреді? Ешкім де көрмейді, – деймін мен оны кеудесіндегі тырсиған ақ 

алмасынан аймалап. 

– Әне, ай көріп тұр, – деді Меңтай күліп, қытығы келіп. 

– Ай көрсе, көре берсін. 

– Ол айналасына айтады. 

– Айтса, айта берсін. 

– Жұлдыздар көріп қойды. Олар жер жүзіне жаяды. 




412 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   402   403   404   405   406   407   408   409   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет