Әдеби KZ
– И-иә, несіне жылайсың? Қуанғаныңа көрінсін! – деді ол құрбысын
сыртынан құшақтап, анасының бауырынан ажыратып жатып. Содан соң
маған қарап, көзін бір қысып қойды.
– Қуанған да, қорыққан да бір деген ғой, қайтсын жыламай,– деді Майраның
шешесі басындағы орамалының ұшымен өз көзінің жасын сүртіп жатып. –
Бәлкім, анасы есіне түскен болар. Ол байғұс тірі болса, өз қолынан ұзатар еді
ғой бүгін. – Осы сөздерді айтып болған соң ана құшағын жайып маған
бұрылды.
– Кел, балам.
Аналық құшағын кең жайып тұрған бұл мейірбан кісі менің де өз шешеме
ұқсап кетті.
Мені де алдымен төсіне басып, сонсоң екі қолын екі иығыма салып, тебірене
сөз сөйледі.
– Сен де – жалғыз екенсің, балам. – «Жалқылығым жадыңда екен-ау» деп
ойладым ішімнен. - Жалғыздың жан жолдасы – ары мен жары болады.
Ендеше, қалқам, жарыңды жаныңмен тең ұста, жаныңды арыңмен тең ұста.
Сен сенімді серік болсаң, Меңтайым мейірімді жар бола алады саған.
Жерден шыққан жетім қыз алдым деме, шырағым.
Ақылды қызға – ана көп, аяулы жанға - пана көп. Мен жалғыз Майраның ғана
емес, Меңтайдың да анасымын, қарағым...
– Иә, біздің апам боздатты біржола,- деді Майра Меңтайдың көз жасын
құрғатып жатып.
Әзіз ана өз сөзін одан әрі жалғастыра берді.
– Ендеше сен құрсағымнан шықпаса да, құшағымнан шыққан баламды
алғалы тұрсың міне. Еркектің бақыты да, тақыты да – жақсы жар болады,
404
Достарыңызбен бөлісу: |