Әдеби KZ
Жібек пен Төлегендей ғашық болатын. Араларына бір Тұмажан деген
Бекежан түсіп, мына балаң оқуын тастап, былтыр басқа қалаға кетіп қалған.
Дүниеде Бекежандар оңушы ма еді, ол Меңтайдың оқу бітіруін тоспай, басқа
біреуге үйленіп қойыпты. Сөйтіп мына аңқау қызыңды алдап кетіпті. Иә,
кеткені жақсы болды сол сұмпайының! – Бұл тұста Майраның жазық
маңдайы шытынып, кеудесін ыза кернегендей дауысы дірілдеп шықты. –
Мына балаң оны білмей ана жақта жүре берген. Ал қызың ұялып, оны
айтпаған. Сонымен андағы Ербол балаң жазғы оқуға келе жатып, жолда бір
жерде жаңағы сұмпайымен – Бекежанмен кездеседі. Содан бар жайды
біледі. Білген соң Меңтайды іздеп кеше осында келеді. Иә, апа, мына қызың,
– ол қолымен Меңтайды бүйірінен түртті, бүгін бұрынғы Меңтай емес.
Төлегеніне қосылған Қыз Жібек боп отыр қазір. Ал, құттықта, апа,
балаларыңды.
– Алда, қарақтарым-ай! Алда, айналайындар-ай! Бақытты болыңдар ендеше!
Босағаларың берік, үбірлі-шүбірлі болыңдар, қалқаларым, – деп Майраның
шешесі қапелімде аузына түскен тілегін айтып, ақ батасын берді. –
Келіңдерші, қарақтарым, екеуіңнің де беттеріңнен сүйейін, – деп орнынан
тұрды. Біз де қоса көтерілдік. Екі беті қып-қызыл боп кеткен Меңтай төмен
қарап, ілбіп басып, Майраның анасына қарай аяңдады. Ана оны айқара
құшақтап, бауырына басып, қайта-қайта шашынан иіскеді. Содан соң
маңдайынан сүйді де: – Қосағыңмен қоса ағар, ботам! - деді.
– Айтқаныңыз келсін, апа, – деген үш сөзді даусы дірілдеп әрең айтты да,
Меңтай Майраның анасын тез қайта құшақтап, солқылдап жылап қоя берді.
Оған қосылып, ана да көзіне жас алды. Меңтай жылағанға мен қоса қиналып,
ернімді тістелей бастадым.
Ішіміздегі міз бақпаған Майра ғана болды.
403
Достарыңызбен бөлісу: |