Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет394/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   390   391   392   393   394   395   396   397   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Майраның  апасы  сиырды  сауып  болып  қойыпты.  Беседкаға  таяу  тұрған 

кірпіштен  қаланған  кішкене  мұржалы  қазандық  басында  кешкі  тамағын 

түсіріп жатыр екен. 

– Майраш, төргі үйге шам жақтың ба! – деді ол қыздарының дауысын естіп. 

Біз  үйде  әңгімемен  отырып  байқамаппыз.  Күн  әлдеқашан  батып,  көшеге 

қараңғылық үйіріле бастапты. 

–  Қазір,  апа.  –  Майра  бізге  қарай  бұрылды.  –  Бәләй,  сізге  бұзау  ұстатып, 

Меңтайға бір сиыр саудырып көрейін деп едім, болмағанын қарашы... 

Майра  тағы  да  өз-өзінен  сақылдай  күліп,  ішке  қарай  жөнелді.  Біз  де  қайта 

кірдік. Майра ондық шамды жағып, биік үстелдің үстіне қойды. 

–  Майра,  мына  орындықты  дөңгелек  үстелге  жақындатып,  шамды  үстіне 

қояйық.  Сонда  жарығырақ  болады,  –  деді  Меңтай  бір  қолымен  шамды,  бір 

қолымен орындықты алып жатып. 

– Жарайды, жарайды, - деп Майра енді ыдыс-аяқтарды сылдырата бастады. 

– Иә, жігітім аузын таба алмай қала ма деп жаның шығып барады ғой тегі... 

Майраның  езуі  күлкіден жиылмады.  Бір  сөз  айтып  –  бір,  екі  сөз  айтып  –  екі 

күледі.  Күле  жүріп  тамақ  ішетін  тарелкаларды  үстел  жанына  жайғастыра 

бастады.  Шам  жақындағаннан  кейін  дөңгелек  үстелдің  үсті  бұрынғыдан 

бетер  жарықтала  түсті...  «Меңтайдың  мұнысы  қандай  оңды  болды?»  деп 

ойладым  мен  ішімнен.  Тек  үстел  басы  ғана  емес,  Меңтайдың  әр  сөзі,  әр 

қимылынан  жаныма  жарық  тарап,  жүрегіме  нұр  кіріп  жатқан  сияқты  боп 

көрінді маған. 

–  Әлде,  сіз...  Ереке,  -  деді  Майра  маған  қарап.  Ол  бұрынғыша  «ағай»  дейін 

деді  де,  олай  атамай  «Ереке»  деді.  –  Иә,  ала  көлеңкеде  аузыңызды  таба 

алмайтын ба едіңіз? 




400 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   390   391   392   393   394   395   396   397   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет