Әдеби KZ
тізесінен төмен түсіре қымтап, бір жамбастай отырған Меңтай, менің тағы да
келгеніме сенер-сенбесін білмегендей, неге келгенімді таба алмай
дағдарғандай, дөңгелек қара көздерін таңдана кең ашып, босаға жаққа
бақырая қарап қалған екен. Мен беседканың соңғы сәкісін аттай бергенімде
ол лып етіп орнынан тұрды. Оның алғашында сәл қуқылдау көрінген ақ
бетіне лап етіп қызыл бояу жайылғаны байқалды. Бірақ қыз ішіндегі
толқынды тез басып, таңданарлық ештеңе болмағандай қалыппен маған
қарай қолын созды.
– Ағай, сәлеметсіз бе?
Екі қыз қол алысқаннан кейін мені беседканың төріне қарай икемдеді.
– Иә, таңертеңгі шайымызды жаңа ғана ішіп болып, енді жинайық деп жатыр
едік,– деді Майра едендегі үлкен қара таба ішіндегі күлдің үстінде тұрған
шойын шәйнекке еңкейе беріп. – Иә, сәл кешіксеңіз–жамандап жүреді
екенсіз дейтін едік. Иә, шай жиналмай келгеніңізге қарағанда, бізді
жақсыламасаңыз да, жамандамайтыныңызды білдік. Иә, оған да шүкіршілік.
– О не дегенің, Майра, – дедім мен күліп. – Сендерді жамандаған жігіттің
жаны шықсын дер едім. Бірақ мақтаған кісінің де мәз болмайтынын
байқағанбыз.
– Иә, әй, осы сіздің тіліңіз-ай, - деді Майра сықылықтай күліп. - Күліп тұрып:
«бұл қайтер екен?» дегендей, көзінің қиығын Меңтайға тастады. Меңтай сәл
жымиды да, үстел үстіндегі бос шыны аяқтарды бір жерге жиыстыра бастады.
– Майра, мен үшін шай қоймай-ақ қой.
Оған қарап «рақмет» деген ишара білдіріп, кеудемді бастым.
– Иә, таңертеңгі шайыңызды ішіп пе едіңіз?
– Іштім, – дедім мен әлі оразамды ашпасам да.
389
Достарыңызбен бөлісу: |