Әдеби KZ
сұлулық емес. Бұл арада алғашқы мақалада айтылатын Күләш деген
қарындастың Жомарт деген жігітті «түр-тұлғасы үшін сүйемін» дегеніне
қосылуға болмайды. Сұлулық жоғарыда аталған ғашық болуға қажетті
шарттардың бірі ғана. Сұлу деп қазақта көрікті әйелді айтады. Ал көркінің
үстіне ақыл-парасаты мол әйелді ару деп атайды. Өмірде сұлу көп те, ару аз.
Ауыз әдебиетінде ару бейнесінде Құртқа, Қарашаш, Меңдісұлу сияқты
қыздар ғана суреттеледі.
Кейбір жігіттер «мен пәленшеге бір көргеннен ғашық болдым» деп соғады,
ал «бір көргеннен ғашық болу» ешбір қисынға келмейді. Бір көргенде
қыздың ұнауы немесе оның жігіт қиялындағы өзі мұрат еткен әйел бейнесіне
бір жері (беті, аузы, көзі, мұрны, шашы, т.б.) ұқсауы ықтимал. Сол ұқсастық
жігіт жүрегіндегі құмарлық сезімін лап еткізеді де, ол енді қыздың қалған
қасиеттерін өз ойындағыдай етіп, қиялмен жобалай жөнеледі. Осыны ол «бір
көргеннен ғашық болдым» деп түсінеді. Бұл шындық емес. Өйткені, бір
көрінген қыздың басындағы қасиеттер оған қараған жігіттің көңіліндегі
бейнеге қаншалықты ұқсайтынын бірнеше көргеннен кейін ғана анықтауға,
сонда оның көп белгілері сәйкес келмейтініне көз жеткізуге болады.
Ұлы Отан соғысына дейінгі біздің ауыл бозбалаларының көпшілігінің арманы
аққұба өңді, ақжүзді жар еді. Өйткені онда әйел жөніндегі біздің мұратымыз
фольклордан, ақындардың өлеңдерінен қалыптасты. Біз үшін ол кезде
дүниедегі ең сұлу әйел Қыз Жібек болатын.
Ал, қиссада ол былай суреттелетін:
Қыз Жібектің ақтығы
Наурыздың ақша қарындай...
379
Достарыңызбен бөлісу: |