Әдеби KZ
Ілекеңнен «Махаббат деген не өзі?» деп сұрадым. Қарт шопан қой бағуға
байланысты емес бұл сұраққа да ойланып жауап береді.
– Ол – әр үйдің алтын діңгегі ғой, шырақтарым, – деді.
– Сонда кемпір мен шал сіздерде де махаббат бар ма? – деді менімен бірге
келген жас зоотехник Ілекеңе бәйбішесі Ақнұрды нұсқай әзілдеп.
– Осы сен күннің нешеу екенін білесің бе? – осылай деп, Ілекең зоотехник
жігітке қарсы сұрақ қойды.
– Білемін, аспанда жалғыз ғана күн бар.
– Жоқ, - деді шопан бурыл басын шайқап, - күн екеу, оның бірі көкте болса,
бірі жүректе.
Жүректегінің аты – махаббат. Махаббат мекендемеген жүрек қысты күні қар
астында қалған қараңғы үймен тең.
Ілекең өзіне сұрақ қойған жігітті осылай жеңіп кетті. Біз шопанның
тапқырлығына мәз боп, құттықтап, кезек-кезек қолын алдық.
«Махаббат деген не?» деген сұраққа газет бетінде бір мәселені талқылауға
атсалысқан жұрттың бәрі жауап берді. Бұл жөнінде даналардың да,
данышпандардың да айтқандары көп. Бұл сұраққа шопанның да берген
жауабы орынды. Өйткені... «қанша бас болса, сонша ақыл болады, демек,
сонша жүрек, соншама махаббат болады» (Л.Толстой). Осыдан екі мың жыл
бұрын Рим ақыны Тибулл махаббатты «тәтті жұмбақ» деп атаса керек.
Шығыстың бір бұлбұлы атақты Хафиз ақын оны «мәлімсіз сәт» депті. Мәселе
махаббатты кімнің қалай атағанында емес. Әңгіме адам жүрегінің осы
қымбат қазынасын қадірлей білуде ғой.
376
Достарыңызбен бөлісу: |