Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет371/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   367   368   369   370   371   372   373   374   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Газетте  жарияланған  мақалаларға  қарағанда  кейбір  жастардың  махаббатқа 

жеңіл-желпі қарайтыны байқалады. Мұның өзі олардың махаббат мұраты не 

екенін  алдын  ала  ойлап,  бажайлап,  саралап  алмайтындықтарынан  болуға 

тиіс.  Махаббаттың  алдында,  жазда  алыстан  көзге  шалынған  таудай 

мұнартып,  әрқашан  екі  мақсат  тұратыны  аян.  Оның  бірі  табиғи  тілек  те, 

екіншісі  сана  мұраты  болмақ.  Табиғи  тілек  дегеніміз  ұрық,  ұрпақ  қалдыру 

жөніндегі соқыр сезімнің жетегі екені түсінікті. Ол қыз бен жігіттің бір-біріне 

қызығып, құмартуы түрінде білінеді, нәпсіге тіреледі. Ал, сана мұраты жігіттің 

қыздан  немесе  қыздың  жігіттерден  өзімен  ойы  тең,  ақылы  сай,  бір-бірінің 

қуаныш-реніштеріне өмір бойы ортақ болысып, мұң шағып, сыр шертіп, шер 

айтысатын,  жанымен  жаны  үндес  адам  іздеуі,  бірін-бірі  шексіз  сүйетін  жан 

тауып,  соған  қосылып,  қосылған  соң  бірін-бірі  өле-  өлгенше  қадірлеп, 

құрметтеп  өтуге  ұмтылуы.  «Кімнің  жаны  махаббаттан  тән  ләззәтімен  қоса 

рухани  ләззат  алуға  ұмтылса,  тек  соны  ғана  адам  деп  бағалаймыз»  дейтін 

Бальзак сөзінің мәні айқындала түседі. 

Қыз  құмар  жігіттің  (немесе  керісінше)  желөкпе,  жеңілтек,  қызыққыш, 

құмартқыш  келетіні  ежелден  белгілі  жай.  Ондай  адамдардың  қысқа  қызық, 

шолақ  шаттыққа  аңсарлары  ауып  тұрады  да,  бара-бара  нәпсінің  құлына 

айналады.  Ондай  жандар  өздерінің  осы  нәпсі  құмарлығын  өзгеге  махаббат 

деп  ұсынады.  Бірақ  шынайы  махаббат  пен  құмарлықтың  екеуі  екі  басқа. 

Құмарлық  көбіне  аңшыға  тән  қасиет.  Аңшы  көрген  аңын  құтқармауға 

тырысады.  Ол  көк  ала  қанат  үйректі  сүйгеніне  емес,  соған  оғының  тигеніне 

разы болады. 

Аңшыға шолақ сәттің қуанышы ғана қажет. Ал махаббат мәңгілік қуаныштың 

туын ұстайды. 

Кей  қыздар  махаббаттың  басты  шарты  сұлулық  деп  түсінеді.  Неғұрлым 

жігіттерге  сұлу  боп  көрінсем,  соғұрлым  махаббатта  жолым  болады  деп 




377 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   367   368   369   370   371   372   373   374   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет