Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет372/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   368   369   370   371   372   373   374   375   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

есептейді.  Сондықтан ондайлар  бетін бояп,  қасын  күзеп, кірпігін  «ұзартып», 

ернін қызартып әлек болады. Жақында трамвайда сондай бір қара көз қызды 

көрдім.  Қасты  қырып,  оның  орнына  бір  сызық  қара  бояу  тартыпты.  Сол 

бояуды көзінің құйрығына да жағып, оны және «ұзартып» қойыпты. 

Бетіндегі  баттасқан  бояуды  былай  қойғанда,  қасының  орны  мен  көзінің 

құйрығынан қатарласа сызылған жаңағы екі жіңішке сызық көлденең адамға 

жыланның  айыр  тіліндей  танылып,  сүйкімсіз  әсер  етеді.  Қыздың  онда 

шаруасы  жоқ,  «Мен  сұлумын,  маған  сұқтана  қараңдар»  дегендей  жағын 

таянып, орындықта сіресіп отыр. Оның қасына қарт ана келіп, түрегеп тұрды. 

Қыз  кішілік  жасап,  үлкенге  орын  берер  деп  ойлап  едім,  бірақ  өйту  оның 

кәперіне  де  келмеді.  Біреу  қызға  қолын  созып,  қасындағы  кассадан  билет 

жыртып әперуді өтінді. Сұлу адам сыпайы болуға міндетті еместей-ақ, ол міз 

бақпастан теріс айналып, терезеге қарап кетті. 

Мұндай  қызға  қандай  жігіттің  ғашық  боларына  таң  қаласың.  Табиғаттың  өз 

бояуы бойында тұрған уыздай жас қыздың орта қол артель жасап шығарған 

қайдағы бір жасанды бояуды жағып, сұлу боп көрінуге тырысуы келіспейді-

ақ.  Көп  қыздардың  ішін  сұлуламай,  тек  сыртын  сұлулауға  тырысуы  өкінішті. 

Қыз  қанша  боянғанымен  саналы  жігіт  оған  салғаннан  құлап  түспесе  керек 

қой.  Қызға  ажары  үшін  ғана  емес,  адамгершілігі  үшін  ғашық  болмай  ма? 

Ғашық адам сүйгенінің бойынан сұлулықтан басқа да асыл қасиеттер іздейді. 

Ол  қасиеттер:  ақылдылық,  адамгершілік,  сыпайылық,  сыйластық,  еңбек 

сүйгіштік  болса  керек.  Жалқау  қызға  жан  жоламауға,  еріншек  қызды  ер 

алмауға  тиіс.  Мұның  растығына  көптеген  мысалдар  бар.  Қай  қыз  жұмысты 

жақсы  істесе,  жұмысшы  жігіт  соған  ұмтылады.  Қай  қыз  сабақ  жақсы  оқыса, 

студент  жігіт  соған  қырындайды.  Нашар  оқитын  қыз  өзін  сүйікті  етіп 

көрсетуге  тырысады.  Жігітті  де  қыз  танауы  үшін  емес,  таланты  үшін  сүйеді. 

Еріншек  жігітке  ешкім  қарамайды.  Ендеше  махаббаттың  басты  шарты 




378 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   368   369   370   371   372   373   374   375   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет