Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет374/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   370   371   372   373   374   375   376   377   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Көкейде  қалыптасқан  осы  бір  жақсы  жар  мұратын  Абайдың  «Білектей 

арқасына  өрген  бұрым»,  Ақан  серінің  «Аққұба  қатын  алсаң  бойы  сұңғақ» 

дейтін  өлеңдері  және  толықтыра  түсті.  Сөйтіп  олар  танадай  жалтылдаған 

қара көзді, қардай  аппақ қызға ынтықты, сондай жарға қолымыз жетсе деп 

арман етті. Соғыстан кейін олардың бірсыпырасы жар сүйді. 

Бірақ  көбінің  көңілдегі  мұраты  алған  әйелдерінің  мүсінімен  үйлескен  жоқ: 

«наурыздың  ақша  қарындай»  ақ  қыз  орнына  қара  торы,  бидай  өнді,  қызыл 

шырайлы,  ақ  сары,  шикіл  сары  келіншектерге  ие  боп  шыға  келісті.  Тіпті 

олардың  бойлары  да  әртүрлі:  сұңғақ,  орта,  тәпелтек;  көздері  де  әр  түсті: 

қоңыр, шегір, көк болды. Енді олар мұраттарын алған жарларының мүсініне 

лайықтап  қайта  қалыптастырды.  Осы  арада  олар  өздерінің  бұрынғы 

мұраттарының мол пішілген киімдей олпы-солпысын да көрді, кемшілігін де 

білді.  Егер  жарыңның  жаны  жақсы,  адамгершілігі  биік  болса,  оның  «ақтығы 

наурыздың  ақша  қарындай»,  ал  көзі  «аласы  аз,  қара»  боп  келуінің  тіпті  де 

қажеті  жоқ  екенін  ұқты.  Менің  құрдастарымның  балалықпен  тағы  бір 

білмегендері  жарымыздың  бойы  Ақан  айтқандай  сұңғақ  болса  деп 

армандауы  болыпты.  Енді  қарасақ  олардың  бәрінің  өз  бойлары  орта, 

тәпелтек,  бәкене  екен.  Ал  өзің  тапал,  жарың  биік  болса,  онда  қандай 

жарастық болмақ? 

Жігіттер оны да байқамапты. (Әрине, өмірде ұзынды-қысқалы боп та жұптаса 

береді. Бұл қосылушы екі адамның көңіл жарастығына байланысты). 

Махаббатты  өзенге  емес,  көлге  емес,  тек  қана  теңізге  теңестіруге  болады. 

Теңіз  сияқты  мұның  да  бетінде  тулаған  толқындар  жүреді,  түбінде  ғажайып 

сырлы тереңдік жатады. 

Адамның  жыныстық  соқыр  сезімінен  туған  сусыма  жүйрік  тілек  толқынға 

ұқсаса, шын санадан шыққан жан тебірентер жақсы мұрат, асыл арман тізбегі 



380 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   370   371   372   373   374   375   376   377   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет