Әдеби KZ
«Ескіліктін Жат (?) адеттеріне (?) Жол (?) беруші бастықтар» деп (?) басқа
теме (?) алуына
(?) блоды (?). Тезрек тексерунді (?) сұраймын.
«Хат Жазушы» (?) мұғалім (?) Тлеуғали (??) Рүстемгалеев (???)».
Сөзіңді тыңдап, жазуыңды оқи отырып, сен үшін мен қызардым, досым.
Қырық шақты сөзден үлкенді-кішілі жиырмадай қате жіберіпсің. Жазуыңнан
көрінген сауатсыздық сол жердегі сөзіңнен де танылып тұрды сенің.
– Мені қудалап жүр. Сондықтан мектеп директорының жазалануын талап
етемін, - дедің сен сөзіңнің соңында.
Сабақтың сапасын білу үшін комиссия құруын қудалау деп есептесең, онда
директордікі дұрыс, Тілеуғали. Өйткені, директор мектептегі оқу-тәрбие
жұмысына жауап береді. Ол бар оқушысының барша пәннен сауатты болып
шығуын көздейді. Ал, сен, шала сауаттысың, сенен оқып ештеңе білмей
шыққан баланың обалы кімге ертең? Сен осыны ойладың ба өзің? Ойласаң,
олай демеген болар едің, әрине.
Мен ауданнан қайтқанда сен туралы дәнеңе жазбай-ақ қоярмын деп едім.
Бірақ, оным саған болысқандық болмайды екен, ескі дос. Сен тек өзімдікі
жөн деп, өзгенің сөзін өрге бастырмайды екенсің. Қит етсе, иректеп арыз
жазуға құмар көрінесің. Бұл оқиға сенің өміріңдегі бір рет өткен ағаттық
болса, мен оны елемеген де болар едім. Бірақ бұл сенің сүйегіңе сіңіп бара
жатқан дерт көрінеді. Сондықтан мен, жүрегім сыздай отырып, осы хатты
жолдауға мәжбүр болдым саған.
«Жалақор» деген жаман ат, Тілеуғали. Арызшылдық абырой әпермейді.
Ескінің бұл жиіркенішті қалдығы жаңа өмірге жараспайды, коммунистік жаңа
заман адамына лайық емес. Әсіресе, осы өмірді қорғау жолында қасықтай
368
Достарыңызбен бөлісу: |