Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет351/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   347   348   349   350   351   352   353   354   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

табалдырығын  аттай  бере  жүрегім  қатты  лүпілдеп  кетті.  Сәлима  екеуміз  ең 

алғаш рет сүйіскен класта, мұғалім үстелінің басында, есікке қырындау отыр 

екен.  Оның  қарсысындағы  өзіме  бала  күнімнен  таныс  парталар,  бұрыш- 

бұрышы  күшіктің  құлағындай  делдиіп,  «Апырау,  мынау  Ербол  ма?»  деп, 

жапырлай маған қарасқан сияқты болды. 

Есіктің  ашылған  дыбысын  естіп,  Сәлима  жазып  отырған  журналының  бетін 

жапты  да,  мойнын  бұрды.  Класқа  кірген  адамның  кім  екенін  білген  соң, 

орнынан  ауыр  көтеріліп,  мен  үшін  өзгеше  бір  жат  қимылмен,  үйрекше,  екі 

жағына  кезек  теңселе  басып,  бері  қарай  аяңдады.  Ол  өзіме  жақындағанда 

іші едәуір білініп қалған екіқабат екенін аңғардым. 

Бұрынғы  аппақ  беті  тарғақтың  жұмыртқасындай  тарғылданып,  әр  жеріне 

әжімге  әсте  ұқсамайтын  жалпақ,  қызғылт  сызықтар  тартылыпты.  Екіқабат 

әйелдің бетіне «ноқта» түседі деген осы екен ғой деп ойладым. Сәлиманың 

бұрын  да  бір  баласы  бар  деп  еститінмін.  Ішіндегі  екіншісі  болар  деп 

жорамалдадым. 

Сәлима маған қол беріп амандасты. Мен де одан артыққа бармадым. Тарғыл 

бет,  шартиған  іш,  үйрек  аяң  –  бәрі  маған  біртүрлі  жат  та,  жиіркеніштілеу  де 

көрінді. Бірақ мұнымды сездірмеуге тырыстым. 

Сәлима, алдымен, өзі барып сәлем бере алмай жатқанына кешірім сұрады. 

– Соғыс кезінде келгеніңде де көре алмап едім, – деді. 

– Оқасы жоқ, Сәлима, – дедім мен. – Өз халың қалай? 

–  Халдың  несін  сұрайсың?  –  деп  күрсінді  ол  үстел  жанындағы  өз  орнына 

отырып жатып. 




357 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   347   348   349   350   351   352   353   354   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет