Әдеби KZ
– Сендер, немене, соғыс бітті, енді Бүркітбайдың сөзінің бір тиын деп
ойлайсыңдар ма?
Жоқ, соғыс бітсе, соғыстан бүлінген дүниені қалпына келтіру бар. Бұл да
соғыстан кем емес. Ендеше Бүркітбайдың бұрынғы бұйрығы – бұйрық,
оныңбұрынғыдай, ақ дегені – алғыс, қара дегені – қарғыс! Біліп қойыңдар
мұны. Ертеңнен бастап өзің шөпке жұмысқа барасың. Ал балаң тракторға
шығады.
– Бала тәуір боп қалды, барсын, - деді әйел тамағы кеберсіп, үш-төрт сөзді
бөліп-бөліп әрең айтып. – Ал маған екі-үш күн аял бер, Бөке, қатты ауырып
жүрмін.
Әйел бойындағы бар қасіретті жүзіне жинап, Бүркітбайға жалына қарады.
– «Ауырып жүрмін», - деп кекетті Бүркітбай оны. – Ауырсаң– жұмыс басында
өл, білдің бе, үйде жатпа. Кеудеңде жаның болса, ертең сені шөп басынан
көретін болайын, білдің бе? Ал өйтпесең, онда менен жақсылық күтпе, білдің
бе?
Әйел амалсыз көнгендей боп, басын изеді. Содан соң үнсіз орнынан тұрып,
есікке қарай беттеді.
– Әй, қатын, тоқта, – деді Бүркітбай әйелге жеки ақырып.
– Неге үндемей барасың: шығасың ба өзің жұмысқа, жоқ па?
– Өмір бойы осы колхоздың жұмысымен көзіміз шығып келеді ғой, Бәке.
Ауырған соң, амалсыздан бір күн қалып едім. Жарайды, өлсем, сол шөбіңнің
басында-ақ өлейін, – деді әйел. - Ауданға барып, дәрігерге қаралып келемін
бе деп едім, жібермедің ғой. Қайтейін.
353
Достарыңызбен бөлісу: |