Әдеби KZ
– Иә, бізден кеткеннен кейін басыңыздан кешкеннің бәрін де айта беріңіз, –
деді Майра.
– Айтайын, – дедім мен аузыма қыздарды күлдіретін ешбір қызық әңгіме
түспей сасқалақтап.
– Тек көргеніңізді ғана айтыңыз, ағай, естігеніңізді емес, –деді Майра сұқ
саусағын шошайта күліп, профессор Әуеновтың баяғыда оқыған Алдар Көсе
жайлы лекциясын еске түсіріп.
Мен де күліп басымды изедім. Осы кезде Меңтай сұрақ қойды.
– Сәлиманы көрдіңіз бе? – деді баяу үнмен.
– Көрдім.
– Иә, соны айтыңыз, – деді Майра.
– Айтайын.
XIV
Көлеңкесін сүйретіп ашық күнде ұзақ жортқан салт атты жолаушыға ұқсап,
біздің тілші деген ағайындар да кезбе келеді, – деп бастадым мен әңгімемді.
«Иә, бәсе, ағайдың әңгімесі осылай боп келсе керек еді» деп Майра
күлімдеп, қуанып қалды. Меңтай да ықыластана жымиып қойды. Олар
күлгенге мен мәз болып, әр сөзімді одан сайын бейнелеп, бедерлеп айтуға
тырыстым. – Ел кезіп, аудан аралап жүрген күндердің бірінде, жолым түсіп,
өзіміздің «Ақбота» ауылына соқтым. Жұмабай жездем соғыстан аман-есен
қайтқан болатын. Кешке келіп сонда түсіп, апайымды, жиендерімді қуантып,
аунап -қунап жаттым да, ертеңінде Бүркітбайға сәлем берейін деп колхоз
кеңсесіне бардым.
350
Достарыңызбен бөлісу: |