Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет352/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   348   349   350   351   352   353   354   355   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Мен, шәкірт сияқтанып, оның алдындағы бірінші партаға жайғастым.  – Қара 

түнде  адасып,  қаңғып,  елсіз  шөл  далаға  шығандап  кеткен  адамда  не  хал 

болушы еді? 

Мен  үндемедім.  Сәлиманың  жүрегіндегі  ескі  жараның  аузын  тырнағым 

келмеді. Бірақ, 

Сәлима өз жайын мен сұрамай-ақ баяндай бастады. 

–  Мен  сені  ешқашан  да  кінәламаймын,  –  деп  бастады  ол  сөзін.  –  Осалдың 

омыртқасын  омырып,  беріктің  белін  бүгілдіріп  кеткен  соғысты  кінәлап,  жас 

өмірімді мәңгілік өшпес өртке салып кеткен соған лағынет айтамын. Осалдық 

жасап, омырылып қалғаныма өкінемін, өзімді кінәлаймын. 

– Осылай деді ме? Тура осылай деді ме, ағай? - деп Меңтай білегімнен ұстап 

алды. 

– Иә, – деп мен басымды изедім. 



–  Түу,  ағай,  қандай  жақсы  болған!  Мен  сіз  Сәлимамен  кездесіп,  ол  тура 

осылай  деп  өз  қатесін  сіздің  алдыңызда  мойындаса  деп  ойлаушы  едім. 

Кездескеніңіз, Сәлиманың осылай дегені қандай жақсы болған! 

Меңтай арқасынан әлдебір ауыр жүк түскендей, ішіне сыймай жүрген осы бір 

мойындау  сөзін  Сәлима  емес,  бейнебір  өзі  айтқандай  боп,  масайрап, 

рақаттанып қалды. 

– Сәлима бұдан басқа да бірсыпыра сөздер айтты. 

– Енді ретімен айта беріңіз, ағай. Маған ең керегі жаңағы мойындауы еді,  – 

деп Меңтай қайтадан сабырлы қалпына келді. 



358 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   348   349   350   351   352   353   354   355   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет