Әдеби KZ
кеудеден. Әлі күнге дейін өлмей тірі келемін. Бірақ, тек тірі жан дегенің
болмаса, мендегі ендігі тіршілік шамалы боп қалды бұл күнде. Әйтеуір, бала-
шаға болған соң бой үйреніп, көндігіп кетіп бара жатырмын, теңізге
лақтырылған бір кесек тастың су түбіне қарай сыбдырсыз домалағанына
ұқсап.
Сәлима көзінің жасын сүртіп, сөзін жинақтай бастады.
– Сені терезеден көрген соң, шыдамай шақырттым, Ербол. Келгеніңе рахмет,
саған шағып, ішімдегі шемен шерім біраз босап қалғандай болды...
Осы кезде сарт етіп, класс бөлмесінің есігі ашылды. Екеуміз де жалт қарадық.
Түсі оңа бастаған көк көздері құтырған иттің көзіндей қанталап, оқ тиіп
долырған сары аюдай қорбаңдап, Бүркітбай кіріп келе жатыр.
– Ә, екі ғашық қол ұстасып, отырсыңдар ма сыбырласып, – деді ол тістене
тақпақтай сөйлеп. Содан соң Сәлиманың қасына келді де, үнемі тершіп,
быршып жүретін жалпақ алақанымен жағынан сылп еткізіп тартып кеп
жіберді.
– Әкеңнің аузын... Сен менің қатыным екеніңді ұмытып қалған боларсың
тегі...
Аюдың табанындай ауыр алақанымен Сәлиманы беттен салып қалғанда,
«Ойпырай, өлтіреді-ау мына бейшараны» деп жаным шығып, орнымнан атып
тұрдым.
– Неге ұрасың, не жазығым бар? - деді Сәлима жылап жіберіп.
– О, шешеңді... Міне жазығың! - деп ол әйелінің екінші бетінен және тартып
жіберді. –
Кет үйге қазір.
361
Достарыңызбен бөлісу: |