Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет356/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   352   353   354   355   356   357   358   359   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Менің  көз  алдым  тұманданып,  өзімді-өзім  әрең  ұстап  қалдым.  Оның  үстіне 

жаумен  соғысқа  болмаса,  мен  өзі  бала  күнімнен  ауылдың  жаяу  төбелесіне 

жоқ  жанмын.  Қазір  қызбаланып  жағасынан  алсам,  мына  аю  сары  шалдың 

осы  минутта  шапқылап  ауданға  барып,  «Мені  тілші  сабады»  деп,  өзін  өтірік 

жаралап,  жалған  жала  жауып,  соттатып  жіберуі  мүмкін.  Сондықтан,  не  де 

болса шыдап, ернімді тістеп, үндемей бақтым. 

Екі бетін басып, еңкілдеп жылап, Сәлима есікке қарай ұмтылды. Егер Сәлима 

екіқабат болмаса, мына дүлей оны сабап, насыбай толы қалың ернін тістеніп 

алып, ішке тепкілейтіндей еді. 

–  Мұныңыз  дұрыс  емес  қой,  ақсақал,  –  дедім  мен  бұл  сәтте  бар  қолымнан 

келгені осы болып. 

– Мен сенен ақыл сұрамаймын, – деді ол былш еткізіп партаға түкіріп. Содан 

соң  есікке  қарай  аяңдады  да,  тоқтай  қалып  және  тістене  сөйледі.  –  Үлкен 

үйдің итаяғынан жұғын дәметкен бұралқы күшікше ілмимей, жайыңа кет сен 

өзің! 


Маңдайымнан  қара  тер  бұрқ  ете  түсті.  «Мұның  кеше  қаладан  далаға  неге 

келдің  деп  домбытпалап  отырғаны  осы  екен  ғой.  Менің  әйелімді  торып 

келдің дегені екен ғой» деп ойладым. Сары аюдың нақақ жаласына жаным 

күйді. 


Бүркітбай  бар  ашуымен  есікті  тарс  еткізе  жауып,  шығып  кетті.  Ол  Сәлима 

екеуміз  бала  күнімізде,  оңашаланып  келіп  бірінші  рет  сүйіскен  класс 

бөлмесін, мектептің басқа жағын қойма, ат қора етіп алғаны сияқты, абақты 

етіп, соған мені тас қып қамап кеткендей болды. 

Осылай  деп  мен  үнсіз  отырып  қалдым.  Қос  қыз  да  бастарын  шайқап,  ауыр 

мұңға батқандай болды. Енді мен әңгіменің аяғын тиянақтадым. 




362 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   352   353   354   355   356   357   358   359   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет