Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет354/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   350   351   352   353   354   355   356   357   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Осыдан  соң  ол  сәл  ойланып,  үнсіз  қалды  да,  алғашқы  бастаған  әңгімесін 

қайтадан жалғады. 

–  Тағы  да  айтамын,  Ербол,  мен  сені  ешқашан  да  кінәламаймын.  Ұл  -  жетім, 

жар  -  жесір  болып,  әр  кеудеде  жүрек  орнына  жұдырықтай  мұз  жатқан,  әр 

адамның көзінен аққан қанды жасы екі бетті қышқылдай күйдірген сұрапыл 

соғыс  жылдарының  азабын,  зардабын  кім  ұмытады  дейсің.  Бұл  да  сол 

мыңдаған  жанның  жүрегінде  қалған  тарқамас  шердің  бірі  ғана  ғой.  Оның 

үстіне өмір бойы өзімді кінәлап өтермін дедім емес пе жаңа. 

Егер үнім жетсе мен бар қызға, қыз боп туар болашақ бар ұрпаққа былай деп 

жар салар едім: «Қыздар, бай деп, бақты деп ешқашан да шалға шықпаңдар. 

Жаның сүйген тең құрбы досыңа балғын бал көңілмен берген уәдеңді өлсең 

де  бұзба!»  дер  едім.  Бірақ  менің  үнімді  кім  естиді,  кімге  айтамын?  Сөзінде 

тұра алмай сорлаған, шатасып шалға шыққан 

Сәлиманың ендігі сөзі кімге керек, кімге дәрі... 

–  Түу,  байғұстың  жағдайы  қиын  екен  ғой,  аяп  кеттім  ғой,  -  деді  Майра. 

Меңтайдың  да  мөлтілдеп  көзіне  жас  келген  сияқтанды.  Мен  әңгімемді  ары 

қарай жалғадым. 

Осы  арада  Сәлима  өксіп  жылап  қоя  берді.  Оның  жылағанын  көріп  отырып, 

өзім  де  қиналдым.  Бірақ,  қиналғанмен  менің  қолымнан  келер  не  бар? 

Сәлима өксігін тоқтата алмай, қайта-қайта жылай берді. Оның ендігі сөзі екі 

өксік  арасында  айтылып қалған  үзік-  үзік  ойлар  түрінде  жалғасты.  Ол  маған 

шал  күйеуінің  соғыстан  соңғы  бір  жыл  ішінде  өзіне  істеген  зәбірін  жеткізді. 

Бұл ауылда Бүркітбай етегін ашпаған жас әйел, өңі бүтін орта жастағы қатын 

кемде-кем көрінеді деді. 

– Бұл қорлыққа көнгенше өлгеннің өзін хош көрген сәттерім де болды, Ербол, 

–  деді  ол  тағы  бір  өксіп  алып.  –  Алайда  мезгілсіз  жан  шықпайды  екен 



360 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   350   351   352   353   354   355   356   357   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет