Әдеби KZ
– Қойшы, сен емтиханды көзіңді жұмып отырып тапсырасың ғой. Бұрын да
жақсы оқитынсың. Ал, мен кеттім онда. Айтпақшы, мен ертең Қарағандыға
жүремін, сондағы туыстарыма барып қайтамын. Кешеден бері жатақхана
емес, апайдың үйінде жатырмын. - Осылай деп ол маған қолын берді. - Сен
жаңағы менің айтқандарымның бәрін шын екен деп қалып жүрме, жігіттер
жайындағы сөзімді айтамын. Оның бәрін жай, қалжың үшін, сен қайтер екен
деп айтып жатырмын.
– Оны түсінемін ғой, Зайкүл. Ал, жолың болсын!
Жазғы сессия біткен күннің ертеңінде мен Меңтайды іздеп, Бүргенге бардым.
Сессияның арасында барып қайтсам ба деп талай рет оқталдым да. Бірақ
шыдадым.
Бүргенге келіп автобустан түскен соң, алғашқы кездескен біреуден
Абаеваның үйі қайсы деп сұрадым. Маған ауылдың орта тұсындағы көк
терезелі, тоқал үйді нұсқады.
Қос қыз үйде оңаша отыр екен. Олар мені қуана қарсы алды. Әсіресе Майра
жылап көріскендей болды.
– Иә, иә, есенсіз бе, ағай? – деп кеудеме маңдайын төседі. Осы кезде оның
көзінен жас та шығып кетті. Оған мен де босаңсып, көзім жыпылықтай
жөнелді. Тек Меңтай ғана сыр бермеуге тырысып, ернін тістеп, бір қызарып,
бір бозарып, қолының ұшын ғана берді де, үнсіз қалды.
Амандасқаннан кейін қыздар мені есік алдындағы көлеңкелі жай - беседкаға
алып барды.
Онда, дөңгелек үстел жанында салулы көрпе бар екен. Майра үкідей ұшып,
үйден екі жастық әкеп, жаныма қойды.
– Иә, ағай, жастыққа жантая отырып, демалыңыз, - деді.
348
Достарыңызбен бөлісу: |