Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет343/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   339   340   341   342   343   344   345   346   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Жайғасып отырғаннан кейін мен қыздардың бетіне қарадым. 

Майра  бұрынғысынан  сәл  тола  түскенге  ұқсайды.  Меңтай  жүзі  шүберектей 

боп, қатты жүдеп қалыпты. 

– Ал, халдарың қалай, қыздар? – дедім мен. 

–  Иә,  не халды  сұрайсыз,  -  деді  Майра  тез  және ықыластана жауап  беріп.  – 

Сіз кеткеннен кейін талай сұмдықты бастан кешірдік қой Меңтай екеуміз. 

Осылай  деп  ол  Меңтайға  қарады,  содан  соң  сөзін  әрі  қарай  жалғастырмай, 

үнсіз отырып қалды. 

–  Мен  бәрін  де  естідім,  бәрін  де  білемін,  –  дедім  қыздар  ол  сұмдық 

жайларды  естеріне  алып,  тағы  да  қиналмасын  деп.  -  Зайкүл  айтты. 

Тұмажанды да көрдім. 

– Иә, Зайкүл байғұс бәрін де айтып үлгірген екен, – деді Майра күліп. 

Меңтай басынан өткен бар ауыртпалықты өз құлағыммен естіп келгендіктен 

бе,  мен  өзімді  оның  алдында  кінәлідей  танып,  кібіртіктей  берген  едім.  Осы 

тартқан  азабына  мені  жазғырып,  жазалайтындай  көргемін.  Бірақ  Меңтай 

өйтпеді. Жылап-сықтап, мұң да шақпады. 

– Мұндай өкінішке ұшыраймын деп ойламап едім, – деп бар өкініш, арызын, 

бір-ақ  ауыз  сөзге  түйіп,  үндемей  отырып  қалды.  Содан  соң  барып,  сәл  ғана 

иегін көтерді. - Жігіттің де жігіті, майдангердің де майдангері бар екен ғой... 

– Иә, ол рас. Ал, ағай, өз жайыңызды айта отырыңыз, – деді Майра. 

Мен  қос  қызға  жақсы  әңгіме  айтып,  жандарын  жадыратсам  деп  ойладым. 

Бірақ,  ондайда  аузыңа  тілеген  әңгімең  келіп  түсе  қоя  ма?  Мен  алдымен 

облыстық газетте тілші боп қызмет істегенімді, ел аралағанымды айттым. Көп 

мақалалар жаздым дедім. 



349 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   339   340   341   342   343   344   345   346   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет