Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет335/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   331   332   333   334   335   336   337   338   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Осы  кезде  поездың  жүрісі  баяулап,  Бір  төбе  станциясына  жақындап  қалды. 

Тұмажан шеті жемтір-жемтір әскери сумкасын қолына алып, орнынан тұрды. 

– Не қызмет істейсіз? – деп сұрадым мен одан орнымнан қоса түрегеліп. 

–  Осы  мына  Бір  төбе  ауданында  сақтық  кассасының  бастығымын,  –  деді  ол 

қолымен сол жақты нұсқап. 

– Ақшаның көп жерінде екенсіз ғой. 

–  Еһе,  көп  жерінде.  –  Осыдан  кейін  ол  менің  құлағыма  сыбырлады.  – 

Мемлекет  деген  қайнап  жатқан  қара  қазан  ғой.  Ебін  тапсаң,  ол  қазаннан 

қалқып ішіп, қылқып жей беруіңе болады. Нарда бір көктөбел үйім, осында 

бір  шифер  шатырлы  үйім  бар.  Құдайға  шүкір,  жаман  тұрмаймын.  Ошақбаев 

опық жемейді! – деді. 

Осыны айтып болып ол, қисаңдай аяңдап, есікке қарай жөнеле берді. Есікке 

жете бере артына қайта бұрылып, маған қарады. 

–  Сен  Алматыға  бара  жатсаң,  бұрынғы  байың  сәлем  айтты  де  Меңтайға,  – 

деді  ол  кеңкілдей  күліп,  томпиған  қозы  қарнын  үсті  үстіне  сипалап.  Мен 

қабағымды шыттым. 

Соны  аңғарды  ма,  ол  сөзін  дереу  басқа  арнаға  бұрды.  -  Айтпақшы,  сенің 

көңілің  болса  ол  қызды  нетуіңе  болады,  –  деді  ол  бұғақтанып  алған  мұқыл 

иегімен поездың алдыңғы жағын нұсқап.  - Ол нешауа қыз. Бірақ енді маған 

оның керегі жоқ. Ошақбаев опық жемейді! 

Осы сөздерімен ол мені бақытты еттім деп ойлаған болуы керек. Есікке қарай 

қайта бұрылып, талтаңдай жөнелді. 

– Әй, тоқта, – дедім мен осы кезде өзімді-өзім ұстай алмай, өне бойым қалш-

қалш етіп. 



341 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   331   332   333   334   335   336   337   338   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет