Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет333/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   329   330   331   332   333   334   335   336   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

аламын» деп қызды алдап, абыройын жосадай ағызып, қатын ғып кеттім де, 

келе-сала жаңағы әйелге үйлендім. Енді маған бұл әйелім де бір, Алматыда 

қызбын  деп  жүрген  Меңтайың  да  бір.  Қыз  атандыратын  белгісі  бойынан 

кеткеннен кейін әйелден әйелдің айырмасы болмайды, шырағым. 

«Жоқ,  бекер  айтасың,  –  дедім  мен  іштей  зығырданым  қайнап.  –  Алтынды 

адал  қол  да,  арам  қол  да  ұстайды.  Арам  қол  бір  тигенге  алтын  арам  болып 

қалмайды.  Сол  қадірлі,  қымбат  күйінде  қалады.  Ендеше  Меңтай  сол  саф 

алтын  сияқты.  Сен  алтынға  тиген  арам  қолсың  ғой.  Алтынды  бір  сипағанға 

арманымнан  шықтым  деп  ойлайсың.  Оны  қорлап,  қадірін  кетірдім  деп 

түсінесің.  Жақсы  қыздың  абырой  белгісі  тәнінде  ғана  емес,  жанында 

болатынын  сен  білмейсің,  сұмпайы.  Меңтай  бойындағы  асыл  белгі  –  оның 

ақылдылығы, адалдығы, арлылығы, жанының жібектей жұмсақтығы. Меңтай 

бойындағы  бұл  белгіні  сен  ешқашанда  жоя  алмайсың,  ақымақ.  Болатты  тот 

баспайды, алтынға кір жұқпайды. Меңтай суы таза мөлдір бұлақ іспеттес. Ал 

сен итсің. Иттің тұмсығы бір тигенге бұлақ арам болып алмайды...» 

–  Осы  сөздер  көмейіме  келді.  Лақ  еткізіп  айтып  салсам  ба  деп  те  ойладым. 

Бірақ аузымнан басқа сұрақ шықты. 

Сіздің  мұныңызды,  үйленіп  қойғаныңызды  Меңтай  біле  ме?  –  дедім 

қыстығып.  Ана  жолы  бұл  сұмның  өтінішін  орындап,  театрға  ертіп  барып 

Меңтайға  кездестіргенімді  қылмыстай  көріп,  өзімді-өзім  жерледім. 

«Меңтайдың  мені  сүйетінін  неге  аңғармадым,  неге  батылдық  жасамадым. 

Не  деген  соқыр,  не  деген  ынжық  едім  мен»,  -  деп  Тұмажан  жасаған 

қылмысты  өзім  жасағандай  қиналдым.  Оның  осы  қылмысты  жасауына 

аңқаулық, адалдықпен еріксіз көмекші болғаныма күйіндім. 

–  Е,  білмегенде  ше,  –  деді  Тұмажан  едіреңдеп.  –  Олардың  өткен  қыстағы 

каникулы кезінде мен әдейі командировка алып, Алматыға бардым. Ондағы 



339 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   329   330   331   332   333   334   335   336   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет