Әдеби KZ
қолын бір сілтеді де, сұрағыма жауап берді. - Бірақ, «өлгеннің өсиетін тірі
орындамайды» деген бар емес пе, сен оны білесің бе? Мен өзім өмірде осы
қағиданы мықтап ұстайтын кісімін. – «Сен кісімісің, кісі бейнесіндегі қорқау
емеспісің?» дегім келді осы жерде. Бірақ ол сөзін аяқтасын деп, үндемедім. –
Өлген адам өлді, топырағы торқа болсын! - Ол өз-өзінен ыржалақтап,
кеңкілдей күліп қойды. – Өлген адамның жамбасы жайлы жерде жатыр. Ал
тірі менің де, – ол тағы кеудесін түртті, – жаныма жайлы өмір кешуім керек.
Ендеше, шөпжелке бір студент қыз оқу бітіреді екен деп алтын өмірімді
өксітіп отырмақпын ба тосып. Оқуды таста, маған қатын бол дедім ол қызға.
Көнбеді. Көнбесе өз обалы өзіне оның. Ошақбаев опық жемейді!
Осы сәтте әлдебір ерлігі есіне түсіп кеткендей, Тұмажан қаймыжықтай ернін
жымырайтып, жымиып алды. Тілін шағатын жыланның тіліндей жалақтатып
қойды.
– Өзім де қумын, – деді ол содан соң маңғазданған боп. – Оқ тиіп құлағаннан
кейін қыздың ағасы өлетінін біліп, қарындасын маған тапсырды. Тірі қайтсаң
көз қырыңды салып, қамқорлық жаса, менің орныма аға бол деді. Оның
қарындасының суретін талай рет көргемін, сұлу екенін білетінмін. Бір жаман
ой келе қалды да: «Осы айтқаның рас болса, қарындасыңа деген бұл
өсиетіңді қағазға жазып кет» деп, қойын дәптерімді алдына тоса қойдым. Ол
сорлының ойы шын екен. Өлетін адам өтірік айта ма? Бейшара қолы
қалтырап, сөз құрастырып жаза алмады. Сонсоң блокнотты шапшаң қайта
алдым да, ақ бетіне сүйкектете жөнелдім. Анау өліп кетпей тұрып, тез қолын
қойдырып алайын деп асықтым. Ақ қағаз бен оның қағаздай боп ағарып
кеткен бетіне кезек қарай отырып, былай деп жаздым:
«Бауырым Меңтай! Тұмажан менің досым. Елге тipi барса, осының етегінен
ұста, сенің басыңды қор қылмайды. Бұл менің саған өлер алдында айтқан
өсиетім, бауырым. Орында, қалқам.
336
Достарыңызбен бөлісу: |