Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет326/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   322   323   324   325   326   327   328   329   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Төбедегі шамның жарығы орындықта отырған ақ жүзді, ақ мойын, ақ жүректі 

ару  Меңтайдың  сол  сәттегі  мұңды  пішінін,  ұлы  суретшінің  майлы  бояумен 

жасаған  картинасындай  етіп,  менің  жүрегіме,  мәңгі  сақталып  қалу  үшін, 

сансыз сәуле, нұрмен өрнектер салып жатқан сияқты еді. 

Меңтай орнынан тұруға ыңғайланып, ең соңғы сөзін айтты. 

– Еркек өзін сүймеген қызбен жау боп, жамандасып кетеді деп білуші едім. 

Ең  жоқ  дегенде  ол  қызға  теріс  айналып,  өш  алу  үшін  басқан  ізін  аңдып, 

кекеп-мұқап  жүретін  болар  деп  ойлайтынмын.  Солай  екені  де  рас.  Сіз 

өйтпедіңіз, қасыма келіп, хал-жайымды сұрадыңыз. Мен сіздің бұныңызға да 

шексіз ризамын. Рақмет, ағай. 

Меңтай орнынан тұрып, кібіртіктей басып, өз жатақханасының (бұл кезде ол 

Калинин  көшесіндегі  корпуста  тұратын)  есігіне  қарай  аяңдады.  Менің 

қабырғам сөгіліп, іші- бауырым езіліп бара жатқан сияқтанды. «Әйел жанын 

ұғу оңай емес деген осы екен -ау, - деп ойладым. - Тұмажанды жек көремін 

дейді. Жақсы көретін кісіге және бұрылмайды. 

Кіммен қарайсам  – сонымен ағарамын дейді. Ағарасың ба? Ағарсаң жақсы-

ау»  деп,  мен  басымды  қайта-қайта  шайқадым.  «Көзге  жақын,  көңілге  алыс 

қыз  шіркінді  түсіну  қиын  екен-ау»  деп  қиналдым.  Қозғалмасын  деп  біреу 

өзімді  орындыққа  қыл  арқанмен  таңып  тастағандай  боп  көрінеді.  Меңтай 

есік алдына барып, кейін бұрылып, маған иіліп бас изеді де ішке кіріп кетті. 

Ай батып, айналам түнек тартып, қараңғыға қамалғандай боп, мен қалдым. 

Ойлап-ойлап,  ақыры  мен  университеттен  кетуге  бел  байладым.  Өзімді  де, 

Меңтайды  да  қинамайын  дедім.  Ертеңінде  университеттің  сырттай  оқу 

бөліміне  ауысып,  емтихан,  сынақтың  бәрін  келесі  жазда  келіп  тапсыруға 

рұқсат алдым. Содан соң газет қызметіне орналасармын деп көрші облысқа 

жүріп кеттім. 



332 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   322   323   324   325   326   327   328   329   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет