Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет334/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   330   331   332   333   334   335   336   337   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

ойым ол қызды тағы да бір жәукемдеп кету еді. Бірақ, өткен жолғыдай емес, 

қыз қиқаңдап, маңына жуытар болмады. 

Жалынып  та  айттым,  қорқытып  та  айттым.  Көнбеді.  «Енді  оқу  бітіргеннен 

кейін  бір-ақ  қосылайық.  Әйтпесе  бойыма  бала  бітіп  қалады,  сонсоң  оқуды 

бітіре алмаймын» деп бәлсінді. Тіпті ыза болғаным сондай, сол жерде бетіне 

былш еткізіп айттым да салдым: 

– Ендеше, сенің бір тиынға да керегің жоқ. Мен үйленгелі екі ай болды. Сен 

құр  тұлыпқа  мөңіреген  сиырсың,  –  деп.  –  Бірақ  соны  бекер  айтқан  екенмін 

деп өкінемін. Қызға өзімнің үйленіп қойғанымды айтпай, қатынға сездірмей, 

оқу бітіргенше оны да пайдалана беруім керек еді, бірін бәйбіше, бірін тоқал 

етіп.  Шыдамсыздық  жасадым.  Өйтпесіме  тағы  болмады.  Жігіттік  намысым 

жібермеді.  Білсін,  бәлем,  онсызда  күн  көре  алатынымды  деп,  айттым  да 

салдым,  қайдан  шықса,  одан  шықсын  деп.  Ошақбаев  опық  жемейді 

ешқашан! 

«Намысының түрін шошқаның!» дедім ішімді ыза кернеп. Оның бетіне былш 

еткізіп,  түкіріп  те  жібергім  келді.  Немесе  шарт  еткізіп  жағынан  шапалақпен 

тартып  жіберсем  бе  екен  деп  ойладым.  Өйтсем,  бұл  ит  менімен  төбелесе 

кетеді  де,  мені  қазір  милиция  бұл  түсетін  Біртөбеден  қоса  поездан  алып 

қалып,  тергеу,  тексеруге  салады.  Сөйтіп,  уақыт  босқа  кетеді,  жазғы  сессияға 

кешігіп қаламын деп, өзіме-өзім амалсыз тежеу салдым. 

– Анадағы, қасыңызға еріп келген жігіт қайда? – дедім Тұмажанға теріс қарап 

отырып. 

–  Ерғазы  ма?  Ол  бір  ашық  ауыз  ғой.  Алматыда  қолына  ұстатқан  мынадай 

қыздан  аузы  аңқайып  айырылып  қалған  одан  не  сұрайсың.  Жүр  ауылда  әлі 

күнге дейін әйел ала алмай. 




340 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   330   331   332   333   334   335   336   337   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет