Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет325/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   321   322   323   324   325   326   327   328   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

елемеген,  естімеген  боп  жүре  беретінмін.  Еріп,  елжіреп  тұрсам  да  шегедей 

қатты, шегендей берік боп көрінуге тырысатынмын. 

Меңтай  аузынан  бұл  сөздерді  естігенде  мен  өне  бойым  қалтырап,  не 

болғанымды  білмей  кеттім.  Қатты  тістеніп,  қайта-қайта  басымды  шайқай 

бердім. 


–  Оны  мен  білдім  бе,  Меңтай-ау,  –  дедім  онымен  қоса  жыларман  болып, 

дауысым  дірілдеп.  –  Өзің  уәдем  бар,  сол  кісіге  сөзімді  беріп  қойдым  деген 

соң... Оның үстіне ағайымның өсиеті еді дедің... 

–  Ой,  ағай-ай,  сіз  қызық  екенсіз  ғой.  Қай  қыз  жігітке  айтқаның  бола  қойсын 

дейді.  Көңілі  бар  қыздың  «болмайды»  дегені,  «болады»  дегені  екенін 

білмейтін  бе  едіңіз?  Сонда  сіз  анау  Тұмажанға  ұқсап,  бауырыңызға  қысып, 

босатпай қойсаңыз, онда мен сіздікі едім ғой. 

– Ендеше... әлі де... кеш емес қой, – дедім сөзім үзік-үзік шығып, Меңтайдың 

Тұмажанмен  қосылып  қойғаны  көңілімді  күпті  етіп,  ішімді  ашытса  да,  оны 

елемеуге тырысып. – Әлі де өтінемін, Меңтай, мендік бол. 

Меңтай басын шайқады. 

–  «Кіммен  қарайсаң,  сонымен  ағар»  деген  мақал  бар  қазақта,  –  деді  ол.  – 

Мен  енді  не  болса  да  Тұмажанмен  боламын.  Өйткені  сонымен  қарайып 

қалдым.  Уыздай  ақ  күнімде  қасыңызда,  еркіңізде,  құзырыңызда  едім. 

Үндемей  жүріп,  ішпен  ғана  сізді  тіледім.  Енді  бәрі  бітті,  маған  өкпелемеңіз, 

ағай... 


Осыны  айтып,  орамалымен  бетін  басып,  Меңтай  тағы  да  жылады.  Мен  не 

істерімді  білмей,  оның  ақ  білегінен  ұстап,  қоса  қиналып,  қолының  басын 

қайта-қайта сипай бердім. 



331 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   321   322   323   324   325   326   327   328   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет