Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет321/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   317   318   319   320   321   322   323   324   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

–  Екі  жігіт,  бірі  Меңтайдың  ағасымын,  атым  Тұмажан  дейді,  –  дедім  мен 

бәсең, солғын үнмен. Меңтай селк еткендей боп, ернін одан сайын тістелеп 

теріс айналып кетті. 

– Неге әкелдіңіз оларды? Әкелмеуіңіз керек еді ғой, – деді қынжылған қалып 

білдіріп. 

Мен  сасып  қалдым.  Біреуге  істеймін  деген  жақсылығым  екінші  біреуге 

жамандық  болар  деп  ойламаған  басым  не  айтатынымды,  недерімді 

білмедім. 

– Жік-жапар боп жалынған соң... Қайдан білейін... және уәдем бар демеп пе 

едің өзің... 

Меңтай қиналғандай боп басын шайқады. Онысы уәдем жоқ дегені ме, әлде 

тағы да бекер әкелгенсіз дегені ме – оны анық ұға алмадым. 

–  Ендеше  көргемін  жоқ,  таба  алмадым  деп  айтыңызшы,  –  деді  ол 

жалынғандай боп. 

Мен қысылдым, не дерімді білмедім. Бар аузыма түскені: 

– Меңтай-ау, қалай өтірік айтамын, - деппін. 

–  Иә,  рас,  ағай  не  деп  өтірік  айтады,  –  деді  Майра.  –  Жүр  шығайық.  Әдейі 

іздеп келген кісілерге шықпау ұят болады. 

Ол Меңтайды білегінен ұстап, сыртқа қарай икемдеді. Меңтай басын шайқап 

күрсінді де: 

«Ал,  баста»  дегендей  ишара  жасады.  Байқасам,  бетінде  қан  қалмай,  бейне 

бір  өлімге  бара  жатқан  адамға  ұқсап,  қуарып  кетіпті.  Мен  өзімді  Меңтайды 

жігітімен  жүздестіруге  емес,  дар  ағашына  қарай  айдап  дара  жатқан 

жендеттей сезініп, қалбақтап алға шықтым. 



327 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   317   318   319   320   321   322   323   324   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет