Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет320/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   316   317   318   319   320   321   322   323   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

бер, - деп Әуенов жұрт көзінен тасалай қалтасынан жүз сом  суырып, менің, 

алақаныма салып, жұдырығымды өзі жұмды. Сонсоң иығымнан қағып, - бар, 

тез билет алып кел, Ербол, – деді. 

Мен: «Рахмет, Мұхит аға» деп міңгірлеп, өз-өзімнен қызарып, сыртқы есікке 

қарай  аяңдадым.  Есікке  тақағанда  бүйірден  бір  таныс  дауыс  құлағыма 

шалынды. 

– Иә, ағай, кімді іздеп жүрсіз? 

Жалт қарасам, Майра екен. Қасында Меңтай тұр. 

–  Сендерді,  –  дедім  қуанып  кетіп.  –  Қайда  отырсыңдар  өздерің,  бағанадан 

бері шарқ ұрып, таба алмай жүрмін. 

Сөйтсем  олар  балконда,  нақ  менің  алдымда,  иегімнің  астында  отырыпты. 

Мен жарты сағаттай, қараңғыда, солардың желкесінде тұрыппын. 

– Иә, ал, неге бізді іздедіңіз? - деп сұрады Майра. Меңтай да бетіме қарады. 

Бұл  сұрақты  ол  маған  үнсіз  қойды.  Менің  жүзімнен  өзіне  аса  қажет  бір 

нәрсені іздегендей боп, қымсына, қиыла, үміттене, үзіле қарағандай болды, 

тобарсыңқырап  тұрған  жұқа  ернінің  жиегін  күлкі  қозғап  өткен  іспеттенді. 

Содан соң лезде ернін жымырып, орынсыз келген күлкіні қымтап, тас қылып 

бекітіп тастаған сияқтанды. 

– Жай, бір кісілер іздеп келген екен екеуіңді... Солар тауып бер деген соң... 

– Иә, ол кім? - деді Майра сөзімді аяқтатпай маған қарай сол ентелей түсіп. 

Меңтай  үндемеді.  Қайта  менің:  «бір  кісілер  екеуіңді  іздеп  келіпті»  деген 

сөзім  оның  иығынан  батпан  болып  басқандай,  жаңағы  күлкі  қозғаған  ернін 

жазалағандай  боп,  аяусыз  тістелеп,  төмен  қарады.  –  Иә,  қандай  кісілер  – 

әйел ме, еркек пе, айтсаңызшы тез. 



326 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   316   317   318   319   320   321   322   323   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет