Әдеби KZ
дәлдірге ашуланып қайтемін, барып айта салайын дедім де, жатақханаға
қарай кеттім.
Меңтай бөлмесінде жоқ екен. Майра екеуі театрға кетіпті.
– Қай театрға? – деп сұрадым қыздардан оның үйде болмағанына бір
жағынан қуанғандай, бір жағынан өкінгендей болып.
– Драмаға.
Екі жігіт мені тосып тұр екен. Сары шегір темекі тартып, көк түтінді көмейлете
жұтып шиыршық атады. Қасындағысы мені көргенде елең етіп, үсті-басын
түзеп, әлек боп қалды.
Сары да екі саусағын белбеуіне тығып жіберіп, қораздана бастады.
– Меңтай үйде жоқ, – дедім мен олардың қасына онша жақындамай тоқтап.
– Қайда кетіпті? - деп сары шегір тағы әкірең ете қалды.
– Театрға.
– Қасындағы жолдас қызы да жоқ па екен? – деді екінші жігіт сәл қысыла үн
қатып.
– Майра қайда екен? – деді Тұмажан онымен жарыса.
– Екеуі де кетіпті.
– Қай киноға дейсің? - деп сары шегір қайта сұрады.
– Киноға емес, театрға. Өзің саңырау емеспісің? – деп мен де оны шағып
алдым.
Тұмажан менің кекеткеніме мән бермеді. Қайта сұрақ қойды.
– Ол қай жерде, алыс емес пе?
320
Достарыңызбен бөлісу: |