Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет313/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   309   310   311   312   313   314   315   316   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

шығарда сілейе арақ ішіп алып, ес-түсін білмей оққа қарай жүгіретін фрицке 

ұқсауын!» дедім оны ішімнен кекетіп. 

– Кім шақырды деймін! 

«Онда  не  шаруаң  бар?»  дегендей  сары  шегір  маған  тіктене  қарады.  Көзі  от 

шашқандай  боп,  қанталап  кеткен  екен.  Морт,  есерлеу  адамның  әлпетін 

танытты.  Ол  көзін  тікендей  қадап,  қанша  ежірейсе  де,  мен  орнымнан 

қозғалмай тұра бердім. 

Сары  шегір  оның  өз  жөнін  білмей  шақырып  бермесімді  ұқты  да,  мойнын 

күжірейтіп, теріс айналды. 

– Ағаң шақырады. Тұмажан келіп тұр де, – деді шіңкілдеп. 

Мен  селк  ете  түскендей  болдым  да,  оның  бетіне  қайтадан  жалт  қарадым. 

Қалыс естіген жоқпын ба деп, қайыра сұрадым: 

– Кім дейсіз? 

– Тұмажан Ошақбаев, – деді ол маған жеки сөйлеп. – Саңыраумысың өзің? 

–  Но,  соғыста  артиллерист  болғанмын,  –  дедім  мен  де  оған  тіктеп,  сыздана 

қарап. – Содан қалған құлағымның мүкісі бар. 

Мен бұл сөзді шегір сарының әкіреңдегеніне ыза болып айттым. Қанша ыза 

болғанмен,  шыным  да  сол  еді.  Бар  қиратқаным:  дауысымды  көтеріп 

айтқаным  болар.  Бірақ  бұған  өзімнің  де  айызым  қанбағанын  сездім.  Содан 

соң лақ еткізіп, аузыма келген бірінші сөзді және айтып қалдым. 

–  Көп  болса  Қыз  Жібегін  іздеп  келген  Төлеген  шығарсың.  Бірақ  мен  саған 

Бекежан емеспін, әкіреңдеме өйтіп! 

Осылай дедім де жалт бұрылып, кетуге ыңғайландым. Алғашында қайтадан 

карта  ойнаушылардың  қасына  барайын  деп  ойлаған  едім.  Сонсоң  осы 



319 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   309   310   311   312   313   314   315   316   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет