Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет297/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

сағатында  жүректе  гүл  жарып  шыға  келеді.  Махаббат  гүлдегенде  жас 

адамның аузынан «сүйемін» деген асыл сөз ақтарылады. 

Менің  Меңтайға  деген  махаббатымның  сол  сағаты  ноябрьдің  алғашқы 

күндерінің  бірінде,  Никольск  шіркеуінің  түнгі  он  бірдегі  қоңырауымен  қоса 

соқты. 


Соның  алдында  ғана  жүрегім  өз-өзінен  өрекпіп,  үйде  отыра  алмай  сыртқа 

шыққанмын. 

Жомартбек  жоқ  еді,  Пернеш  кітапханадан  қайтпаған.  Тек  Төлеубек  қана 

төсегінде  қорылдап,  ұйықтап  жатқан.  Соның  қорылы  ойымды  бөлгеннен 

кейін,  оңаша  жер  іздеп,  екі  жатақхана  арасындағы  ашық  алаңға  бет 

қойғанмын. 

Калинин  көшесі  жақтағы  жатақхана  жанында,  басына  темір  телпекті  шам 

орнатылған биік бағана түбінде ұзын орындық болушы еді. Соны бетке алып, 

аттай бердім де, онда біреудің отырғанын аңғардым. Аяңдап қасына келсем, 

ол отырған Меңтай боп шықты. 

Оның  Меңтай  екенін  танығанда,  жүрегім  дір  ете  түсіп,  өз-өзімнен  дегбірім 

кетіп, састым да қалдым, 

–  Кеш  жарық,  Меңтай,  -  дедім  әр  сөзім  кекештің  аузынан  шыққандай  әрең 

қиюласып. 

– Жарық кеш жан ләззәті болсын, ағай. Келіңіз, отырыңыз. 

Қасында  бірнеше  кісілік  бос жер  болса  да,  Меңтай  сырғып,  маған  өз орнын 

берді.  Менің  жүрегім  одан  сайын  лүпілдей  түсті.  Маған  орнын  бергені  – 

өзгеше  қадірлегені  ғой  Меңтайдың»  деп  ойладым  ішімнен.  «Қадірлегенің 

жақсы-ау, бірақ құрметіңнің өзі менің аузыма қақпақ, басыма тоқпақ боп жүр 



303 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет