Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет287/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

– Ал енді не істеймін мен? – деді Тана менің бетіме шыдамсыздана қарап. - 

Сенімен ақылдасуға келдім. Хатты кеше алғамын, бүгін сабаққа да барғамын 

жоқ. 


Мен ойланып қалдым. 

–  Заман  өлді  деп  хабар  келгелі  екі  жылдан  асты.  Басқа  сөз  беріп  қойған 

ешкімің жоқ па еді? - дедім төмен қараңқырай күбірлеп. 

Қыз жылап жіберді. 

– Ербол-ау, Заманның аты ойымда тұрғанда, мен кімге қараушы едім. Оның 

аты мәңгі менің жанымда, жүрегімде, жадымда емес пе? 

Осылай  деп  қыз  көзінің  жасын  қайтадан  сүртті.  Мен  күліп,  әзілге 

айналдырдым. 

– Маған да қарамас па едің, Тана? – дедім. 

–  Иә,  саған  да,  -  деді  қыз  да  күліп.  –  Бірақ  Заман  болмаса,  саған  қарауым 

мүмкін еді. 

–  Рақмет,  Тана,–  дедім  мен  қызды  шашынан  сипап.  –  Ендеше  сенің 

Билимбайға баруың керек болар. Қыз қуанып, орнынан атып тұрды. 

– Өзім де осы қорытындыға келіп едім, Ербол, – деді ол түрегеп тұрып мені 

иығымнан құшақтап. 

–  Ойбай,  бұл  мәселеден  мені  де  шет  қалдырмаңыз,  –  деп  Жомартбек 

орнынан ұшып тұрып, Танаға ол да иығын тосты. Тана оны да құшақтады. 

–  Түу,  рақаттанып  қалдым  ғой,  шашымнан  бір  сипап  жіберіңізші.  –  Тана 

Жомартбекті  шашынан  сипап,  басын  бауырына  қысып  босатты.  –  Осында 

отыз  қыздың  ортасында  отырмыз,  Ербол  екеуіміз.  Бірде-бірінің  дәл  сіздей 




293 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет