Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет283/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Бір  күні,  октябрдің  аяқ  кезінде,  Жомартбек  екеуміз  сабақтан  қайтып 

жатақханаға жаңа ғана кірген едік. Жомартбек дереу шай әкелуге кетті. Оның 

артынан  іле-шала  ентіге  жүгіріп  бөлмеге  Тана  келді.  Терезе  алдында  тұрған 

менің  қасыма  әзер  жетті  де,  мойнымнан  бас  салып  құшақтай  алып,  еңірей 

жылап қоя берді. Мен шошып кеттім. Өне бойым қалтырап, не істерімді, не 

дерімді білмей қалдым. Қыз байғұстың құшағы ажырайтын емес. 

– Жыламашы, тоқташы не болды, Тана? – дедім мен үрпиіп. 

Қыз тоқтап, сәл сабыр тұтып, сөз бастамақ боп көзін сүртті. Сөйтті де: 

–  Заман...  Заман...  –  деп,  ар  жағын  айта  алмай,  қайтадан  кемсеңдеп,  ағыл-

тегіл боп және жылады. 

Тана «Заман» деп менің досым, өзінің өлген серігін айтып тұр ма?  - деп бір 

ойладым.  - Әлде «Заман»  деп дәуірді айтып, басына түскен тағы бір мұңын 

шаққалы келді ме екен? – деп тағы да дағдардым. 

Бір кезде қыз есін жиды. 

–  Сүйінші,  Ербол,  Заман  тірі  екен!  –  деді  бір  жылап,  бір  күліп.  –  Досың  тірі 

екен, сенің!.. 

Мен сенерімді де, сенбесімді де білмедім. Төбе шашым тікірейіп, өне бойым 

түршігіп кеткендей болды. Өйткені осы байғұс бала ой соқты боп кеткен жоқ 

па екен деген күдік келді маған. 

Сонымды сезгендей қыз басын шайқап, безек қақты. 

– Рас, рас, Ербол айналайын, қуатым. Илан менің сөзіме, илан! - деп Тана тез 

ридикюлін аша бастады. Одан бір конверт шығарып, конверттің ішінен екі хат 

суырып  алды.  –  Мынау  Заманның  біздің  үйге  жазған  хаты,  мынау  менің 

сіңлімнің маған жолдағаны. 



289 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет