Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет279/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Аһ?  Бірақ  оған  ана...  не...  -  деп  Шалдуар  оң  қолының  суық  саусағы  мен 

бармағын бір-біріне шапшаңдата үйкеп-үйкеп жіберді. – Ана... нетіп... тағы да 

ақша шығаруың керек. Аһ! 

Мен күліп, басымды шайқадым. 

–  Шәке,  рахмет.  Мен  өзге  емес,  осы  сіздің  өзіңізбен  танысқаныма 

бақыттымын!.. 

Осы  кезде  жүз  елу  грамм  араққа  бір  саптыаяқ  сыра,  екі  тарелка  кеспесін 

«тіркеп»  даяшы  жетті.  Шалдуар,  алғашқысындай,  кеспені  бір  табаққа 

қопарып алды да, босаған ыдысты сырғыта салды. Содан соң араққа қолын 

созып жатып маған: 

– Сен барып, даяшыға ақшасын төлеп кел, - деп бұйырды. 

Мен  даяшымен  есептесіп  қайтып  оралсам,  қырлы  стакан  босап,  табақ 

тақырланыңқырап  қалған  екен.  Шалғынбаев  терлеп-тепшіп,  қызара  бөртіп 

кетіпті. Табақ түбінде қалған асты сыпырып-сиырып бір-ақ асады да: 

– Сен жақсысың! Aх! - деді ол маған бұрылып. Содан соң қабырғамнан тағы 

да бір қойып кеп қалды. – Рас айтамын. Сен жақсысың деймін! 

–  Мақтағаныңызға  рахмет,  Шәке,  –  дедім  мен  ыржия  күліп,  бүйірімді 

сипалап. 

Шалдуардың  өзімді  мақтап  ұрғанының  әсерінен  бе,  білмеймін,  бұл  жолы 

бүйірім бұрынғыдан аз ауырған сияқтанды. Осы арада: «Бәләй, жаңа ақшам 

көп  кетті  деп  бұған  бекер  ренжіген  екенмін»  деп  те  ойладым.  Егер  емеурін 

білдірсе  сол  сәтте  мен  оған  енді  бір  «тіркеме»  алып  беруге  де  бейіл  едім. 

Бірақ Шалдуар, өз шамасын біледі-ау деймін, бірден орнынан тұрды. 

– Кеттік. 



285 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет