Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет275/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Сондықтан  сенен  мына  мен  сияқты  жүйрік  журналист  шықпайды.  Сенікі  ет 

пен  терінің  арасындағы  желік  сияқты  бірдеңе.  Майданда  бір  нәрселерді 

шатпақтаған болуың керек. 

Уазитов сол үшін сені көкке көтере мақтайды. Меніңше, сенде ешбір талант 

жоқ. 


Мен  не  дерімді  білмей,  қызарақтап  күле  бердім.  Осы  кезде  қасымызға 

даяшы келіп, біз сұраған ас-суды подноспен әкеп алдымызға қойды. 

– Кеспенің біреуін, сыраның бірін ал, – деді Шалғынбаев. 

Мен айтқанын істедім. Содан соң сол кеспенің бірін өз алдына жақындатты 

да, екінші тарелкадағыны соның үстіне төңкере салды. Қара бұрыш пен ұсақ 

тұзды мол етіп септі де, асықпай араластырды. 

–  Дунган  кеспесін  жаным  жақсы  көреді,  аһ!  -  деді  ол.  –  Сондықтан  мен  бір 

жегенде  оның  екеуін  осылай  бір  табаққа  саламын  да,  бірақ  жеймін.  Ал, 

сыраңды  көтер.  Көбігі  көпіршіген  қырлы  шыны  саптыаяқтың  құлағынан 

ұстадым. Шалғынбаев бүйірлі келген қырлы стаканға кеңірдектете құйылған 

араққа,  асқа  телмірген  иттей  еміне  қарап,  жұтқыншағын  секең  еткізіп  бір 

жұтынып  алды.  Содан  соң,  біреу  алдынан  ала  қашатындай,  шап  беріп  қос 

қолдап  ұстап,  діріл  қаққан  стаканды  жыбырлай  жөнелген  ерніне  тез  тақап, 

қылқылдатып жұта бастады. Стаканды басына көтеріп болып, қабағын шытты 

да,  дереу  сыраға  қол  созды.  Одан  қылқылдатып  екі  жұтымын  және  ұрттап 

жіберді.  Осыдан  кейін  ол  терлеп-тепшіп  кеспеге  бас  қойды.  Шалдуар 

қасықпен  қопара  көтеріп,  қауып  асап,  асты  да  тез  жейді  екен.  Мен  шектей 

шұбатылған  ұзын  кеспенің  бір-екеуін  сораптан  жұтып  үлгіргенше,  ол  өз 

табағын  қопарыптастады.  Шанышқы  мен  қасықты  бос  табаққа  салып, 

үстелдің  жиегіне  қарай  сырғытып  жіберді  де,  саптыаяқта  қалған  сырасына 




281 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет