Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет274/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

– Бір саптыаяқ ішсем, ішейін, – дедім мен. 

Кетіп бара жатқан даяшыны Шалдуар тағы тоқтатты. 

–  Тағы  бір  кружка  сыра  қосыңыз,  –  деді  ол  мойнын  созып.  –  Қостыңыз  ба? 

Енді әкеле беріңіз, тез әкеліңіз. 

– Жаңағы бір тіркеме дегеніңіз не? – дедім мен Шалғынбаевқа. 

Шалдуар сақылдап күліп, мені бүйірімнен тағы бір періп қалды. 

– Соны білмейсің бе? 

– Менің білетінім машинаға тіркеп, сүйретіп жүретін бір нәрселер сияқты еді. 

Мәселен, зеңбірек сүйреткен машинасы... 

–  Е,  оны  білсең  болды,  –  деді  Шалдуар  сөзімді  аяқтатпай.  Шалдуар  тегі  өзі 

ғана  сөйлеуді  жақсы  көретін.  Әсіресе  ол  менің  сөзімді  кез  келген  жерден 

қиып  кетіп,  шірік  жіптей  үзе  салатын  да,  өзі  сөйлей  жөнелетін.  -  Бұл  да  сол 

сияқты: жүз елу грамм арақ – машина, бір кружка сыра соған тіркеме. 

– Ал егер арақ жүз елу емес, жүз грамм болса ше? 

– Онда бір кружка сыра тіркеме бола алмайды. 

– Неге? 

– Сол. – Ол менің бетіме білгішсініп, бажырая қарады. 

– Жүз грамм арақ, бір кружка сыраны тарта алмайды. Түсінікті ме енді? Ah? 

Мен басымды шайқадым. 

–  Сен  топассың,  –  деді  ол  бетіме  бедірейген  күйі.  -  Түсінігің  нашар,  ұғымың 

жоқ. 



280 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет