Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет277/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

–  Жоқ,  сен  түк  білмейсің,  тобылғының  да  түсі  торы,  -  деді  ол  маған  бет 

бақтырмай.  -  Жоқ  сен  оны  қой.  –  Шалдуар  білегімнен  қысып  ұстап  алды.  – 

Енді мен тобылғы торы сырадан ішемін бе? АҺ! 

– Өзіңіз білесіз. 

– Жоқ, сен оны қой. Мен сыра ішемін бе? Aх! 

– Ішіңіз. 

Көзі кілегейленіп, ол маған тесірейе қарады. 

– Жаңағыдай, тіркеме қылып ішемін ғой? АҺ! 

– Өз жайыңызға қараңыз. 

– Жоқ, менің жайымды неғыласың, енді бір тіркеме жүргіземін бе мен? Aх! 

Шалдуардың  тағы  да  дәметіп  отырғаны  белгілі  болды.  Осы  жолғы 

қаламақымды қосып, киім алып кисем деген есебім бар еді. Ол ойым жүзеге 

аспауға  айналды.  Ішімнен  қынжылсам  да,  мен  оған  ақшам  азайып  қалады 

дей алмадым. Амалсыз бас изедім. 

Шалғынбаев дереу даяшыны шақырып алды да, қайтадан заказ берді. 

– Жүз елу тіркемесімен... – Ол тез маған бұрылды. - Сен ішесің бе? 

– Жоқ, - деп мен безек болдым. 

– Дұңған кеспесін жейсің бе? 

– Жоқ, жоқ, әбден тойдым. 

– Онда, - деді Шалдуар даяшыға қарап, екі саусағын көрсетіп, - екі рет дұңған 

кеспесін әкел. 




283 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет