Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет278/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Менің бір апта ішетін тамағымды мынаның бір жолы ішіп кеткелі отырғанына 

ішім ашыды. Ендігәрі шайханаға келмеспін деп өзіме өзім ант та бердім. Сол 

екі арада Шалдуар құлағынан күн көрінетін бір арық адамға орнынан тұрып, 

кеудесін басып, бас иді. Биске шақырылған әншінің сахнаның екінші шетінде 

нотасын реттеп жайбарақат отырған пианисті орнынан тұрғызып өзімен қоса 

көпке  бас  идіретіні  сияқты,  Шалдуар  тұқырайып  кеспе  жеп  жатқан  мені 

иығымнан жұлқылап, шайнаңдатып, орнымнан тұрғызды. 

– Ағаңа сәлем бер. 

Мен  аузымдағымды  әрең  жұтып,  жаңағы  Шалғынбаевша  оң  қолымен 

кеудемді басып, жұқа құлақ кісіге қарап бас идім. Ол менің сәлемімді керек 

етпеді-ау деймін, ары бұрылып кетті. 

– Бұл кісі кім еді? – дедім Шалдуарға ілесе мен де орныма отыра беріп. 

– Білмейсің бе? 

– Жоқ. 

–  Мәссаған!  Бұл  атақты  ақын  ғой.  -  Шалғынбаев  оның  қай  ақын  екенін 

айтпастан,  бірден  мінездеме  бере  жөнелді.  –  Жасында  мықтап  ішкен  кісі. 

Кәрі тарлан сыр берместен әлі сол шабысымен сілтеп келеді. Айтпақшы, сен 

білесің бе? Аһ? 

Тамаққа  ұмтыла  берген  мені  ол  тағы  да  бүйірімнен  түйіп  қалды.  Мен 

қасығымды қайта орнына қойып, Шалғынбаевқа қарадым. 

–  Жазушылар  Одағы  осы  көк  базардың  іргесінде  ғой.  Aх!  Түсте  олар  осы 

шайханадан келіп тамақ ішеді. Екеуміз сәл кешігіп келдік, әйтпесе мен саған 

олардың  небір  жайсаңын  көрсететін  едім.  Сен  маған  жазушылар  ас  ішетін 

жерге әкелгенім үшін және анадай екі ақынды көрсеткенім үшін рахмет айт. 

Аһ!  Мен  сені  ана  кәрі  тарланның  өзімен  қол  ұстастырып  таныстырайын  ба? 




284 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет