Әдеби KZ
– Дұрыс па екен?
– Дұрыс сияқты.
– Ендеше Шалдуар шатаспасын! Бұл қаламақы дегеннің өзі қып-қызыл
саясат. Мен сені қанша жақсы көргеніммен, тиісті мөлшерден артық ақша
қоя алмаймын. Өйткені, ол менің өз ақшам емес қой. Түсінікті ме, Ербол.
Мен басымды изедім.
– Бәсе, арқамнан ауыр жүк түскендей болды ғой, – дедім іштей қуанып.
Күн сайын жүгіріп жұмысқа барып, ай сайын ақша тауып жүрсем де, мен бұл
екі ай бойы өзімді қараңғы қапаста қалғандай сезіндім. Жатақханаға келсем
де, жұмысқа барсам да бір нәрсемді, аса бір қымбат затымды жоғалтқандай
боп, іштей алаңдаумен, елегізумен болдым. Кейде жеген тамақ, жұтқан
суымды да ұнатпай қалатын сәттер кездесті. Осының бәрі маңымда
Меңтайдың жоқтығынан еді. Осы күйім Меңтайға арналған үшінші өлең боп
және қағазға түсті. Менің оған арнаған ең соңғы өлеңім де осы болды. Ол
мынау еді.
Күн күңгірт, түн қараңғы ай болса да,
Келмес ұйқы жақсы орын, жай болса да.
Күншығыс жоқтай болып көрінеді,
Төрт бұрышты төңіректің сай болса да.
Күн шығып тұрса-дағы түк көрмеймін,
Айналам қараңғыдай қол сермеймін.
Сәулесін аспандағы ай мен күннің,
Меңтайдың ақ жүзіне теңгермеймін.
287
Достарыңызбен бөлісу: |