Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет270/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

– Онда биыл жаздай бізде корректор боп істей тұрсаң қайтеді? 

– Істеймін. 

–  Ертең  бір  кешкі  корректор  демалысқа  шығушы  еді.  Соның  орнын  саған 

ұстап отырмын. 

Келесі айда тағы біреуі шығады, оның орнын және сен басасың, – деді Бәкең 

сабырлы, қамқор көңілмен. 

–  Күндіз  ұйқың  қанғаннан  кейін  маған  келіп  жүр.  Әнеугідей  емес,  қолың 

босады  ғой.  Мен  сені  енді  завод,  фабрикаларға  жіберіп,  хабар, 

корреспонденциялар жаздырамын. Бұл да қосымша қаражат болады. 

– Рахмет, Бәке. 

–  Бара-бара  мақала,  очеркпен  де  айналысарсың.  Сөйтіп  екеуіміз  сенің 

қолыңнан жазу келетіндігін осындағы жұртқа дәлелдейтін боламыз. 

Мен басымды изедім. 

– Онда мен сені ертеңнен бастап корректор қызметін атқарады деп бұйрық 

бердіремін. 

Сөйтіп мен сол күннен бастап екі ай корректор болдым. Екі айда «Е.Есенов» 

деп қолым қойылып, газетте 6-7 рет хабар, корреспонденциям шықты. Газет 

айына  екі  рет  қаламақы,  екі  рет  жалақы  береді  екен.  Студенттің  айына  бір 

рет  берілетін  стипендиясындай  емес,  бір  айда  қолына  төрт  рет  ақша 

ұстаудың  өзі  маған ересен  байлық  сияқты  боп  көрінді.  Оның  үстіне Уазитов 

ағай  менің  хабарларыма  студенттік  жайымды  есептеп,  үнемі  көтеріңкі 

қаламақы  қойып  отырыпты.  Оны  қаламақы  алған  сайын  Шалдуардың  бас 

шайқауынан  білдім.  Мен  қаламақы  немесе  жалақы  алып  шықсам-ақ 

алдымнан Шалғынбаев тап бола кетеді. 



276 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет