Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет268/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

жұмысқа  бірер  сағат  ерте  де  шығатынмын.  Елпек  атқа  кімнің  мінгісі 

келмейді. 

Қалған жұмысын Даниловна да маған тастай салады. Қызмет аяғында қайта 

басылған мақаланы салыстырып асығып отырған бөлім меңгерушісі де маған 

жалынады. 

– Ербол, сен мынаны тыңдай қойшы, мен оқып тастайын. 

–  Ербол,  сен  мынаны  оқып  жіберші,  мен  оригиналға  қарап  отырайын,  – 

дейді. 

Ең алдымен мені машинистка Бибіш апай жұмсайды. 

Мен  баспалдақтан  көтеріле  бергенде  машбюроның  ашық  тұрған  есігінен 

төрде отырған апайдың көзі мені шалып қалады да, тартпасын аша бастайды. 

– Сәлеметсіздер ме? – деймін машбюроның ашық есігінен басымды сұғып. 

– Айналайын, менің Ербол бауырым елгезек қой. Маған төменнен барып бір 

папирос әкеп бере қойшы, - деп Бибіш апай бірден ақшасын ұсынады. – Осы 

шарша-а-ап өлейін деп отырмын, бүгін жұмыс сондай көп болды. 

Мен  күліп  бас  изеймін  де,  редакцияның  астындағы  буфеттен  бір  пачка 

«Прибой» әкеп беремін. Оған апай мәз боп қалады. 

–  Ой,  тілеуіңді  бергір.  Ой,  бір  жақсы  келіншек  алып,  көсегің  көгергір!  –  деп 

батаны үсті- үстіне жаудыртады. 

Апай жақсы келіншек жайын айтқанда мен өз-өзімнен қызарып кетемін. Көз 

алдыма  бірден  Меңтай  елестейді.  Менің  оған  ғашықтығымды  осы  апай 

бейне  бір  біліп  отырғандай  боп  көрінеді.  Өстіп  жүріп  оқу  жылын  да 

аяқтадым. 

* * * 



274 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет