Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет269/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Енді  бүгіннен  бастап  дайындалатын  емтихан  жоқ.  Қыздар  да  ауылдарына 

кетті. Бір бөлмеде қалған Жомартбек екеуміз ғана болсақ, оның кешке дейін 

келу-келмеуі екі талай. 

Ол да ертең не бүрсігүндері еліне қайтпақшы. Бәлкім, ол қазір билет алудың 

қамында жүрген  болар.  Сондықтан  мен  сағаттың  алты  болуын  күтпей,  бүгін 

жұмысқа күндегіден ерте бардым. 

– Ербол, ой, Ербол, - деді Бибіш апай менің төбем баспалдақтан көрінісімен-

ақ. – Жылдамырақ жүрші, айналайын. 

Апайдың  темекісі  таусылып  отыр  екен.  Қазір  тартпасын  ашып,  сумкасын 

ақтара бастайды деп ойладым ішімнен. 

– Сәлеметсіздер ме? Жайма, Би-апай? 

Апай күліп жіберді. 

–  Темекіге  жұмсайды  екен  деп  қалдың  ба?  Темекім  бар,  қалқам.  Осы  қазір 

ғана сені жауапты секретар іздеп отыр еді. Соған бара қойшы тез. Саған жаңа 

жұмыс бергілері келіп отырған сияқты. 

Салып отырып жауапты секратардың кабинетіне барсам, Бәкең жалғыз отыр 

екен. 


– Қал қалай, Ербол? – деді ол сәлемдескеннен кейін. 

– Қал жақсы, емтиханды бітірдік. 

–  Каникулде  қайда  болмақ  ойың  бар:  осында  қаласың  ба?  Әлде  бір  жаққа 

барасың ба? 

– Осында қаламын, қайда барамын? – дедім мен. – Ауылға қайтайын десем, 

арлы-берлі жүруге қаражат керек. 




275 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет