Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет266/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

–  Ол  Москваның  бір  баспасына  орналасыпты.  Мен  хат  алып  тұрамын.  Бір 

хатында сені сұрапты. 

– Апырай, ә, - деймін мен қуанған үстіне қуанып. 

Уазитов енді менің жайыма ойысты. 

– Сен студентсің ғой, – деді ойлана отырып. – Әрине, қоса қызмет істемесең, 

болмайды қазір. Ал саған не жұмыс тауып берсек екен? 

Ол қарсысында түрегеп тұрған Шалғынбаевқа қарады. 

–  Е,  мұны  Нюраның  орнына  кешкі  курьер  ете  салыңыз,  ah,–  деді  Шалдуар 

жұлып алғандай. – Бұған сол да жетеді. 

– Иә, – дедім мен басымды изеп. 

– Жоқ, мен Ерболға түпкілікті жұмыс болса деп отырмын. Курьерлікті қойшы, 

Ербол  түбінде  біздің  белді  қызметкерлеріміздің  бірі  болуға  тиіс.  Бірақ  қазір 

сол уақытша курьерліктен басқа бос орын жоқ. 

–  Мен  курьер-ақ  болайын,  Бәке,  –  дедім  осы  бар  қызметтен  айырылып 

қалмайын  дегендей  асығып.  -  Қазір  емтихан  өткізіп  жатырмыз,  өзі  кешкі 

жұмыс болса, маған қолайлысы осы сияқты. 

– Жарайды, әзірше осыған орналаса тұр. Ар жағын тағы көре жатармыз, – деп 

жауапты  секретарь  маған  бір  жапырақ  қағаз  ұсынды.  –  Арыз  жаз:  уақытша 

курьер етіп алуды сұраймын деп қолыңды қой. Кешкі алтыда қызметке кел. 

–  Айттым,  орналастырдым.  Аһ!  Ал  енді  неғыл  дейсің?  Аһ!  –  деді  Шалдуар 

жауапты секретарьдан шыққаннан кейін маған шірене қарап. - Сен менің бұл 

жақсылығымды ұмытпа. 

– Рахмет, Шәке, ұмытпаймын, – дедім мен оған асыға бас изеп. 




272 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет