Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет264/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

–  Ербол,  сенбісің,  айналайын!  –  деп  құшағын  жайды.  Мен  Бәкеңнің  мол 

құшағына қалай еніп кеткенімді білмей қалдым. Ол: «Аман-есен келдің бе?» 

деп бауырына қысып, арқамнан қағып жатыр. 

– Шүкір, Бәке, мен былтыр келгенмін, – деймін Бәкеңнің мені құшақтағанына 

көңілім  босаңқырап,  бірақ  оны  білдірмеуге  тырысып.  –  Өзіңіз  қашан 

келдіңіз? 

– Екі айдай болды. Осында бұрынғы қызметіме орналастым. Өзің қайдасың, 

Ербол? 

– ҚазГУ-де, оқудамын. 

– Бәрекелді. Ал, отыр, әңгімелесейік. 

–  Әңгіменің  үлкені  осыған  жұмыс  керек,  –  деді  жаңағы  мені  осында  кіргізе 

салып  шығып  кетуге  ыңғайланған  Шалдуар  қайтадан  бұрылып  келіп,  және 

мені қалай да қызметке орналастыруға бел байлағандай белсенділік білдіріп. 

–  Бұл  корректорлыққа  жарамайды,  курьер  ету  керек.  Өздеріңіз  де  таныс 

екенсіздер ғой. 

–  Болғанда  қандай!  –  деді  Бәкең  баптай  сөйлеп.  –  Біз  бір  бөлімде  қызмет 

еткенбіз. Мен редакцияда болдым. Ерболдың өлең, мақалаларын газетімізде 

жиі жариялап тұратынбыз. 

Бәкеңнің  бұл  сөзі  мені  бір  көтеріп  тастады.  Шалдуар  «жаман  студент», 

«жаман  солдат»  деп  желкемнен  түспей  қойып  еді.  «Бәлем,  білші  менің 

қандай  солдат  болғанымды»  дедім  ішімнен  айызым  қанып.  Менің  осы 

ойымды сезгендей Шалдуар шап ете түсті: 

– Бұл өлең жаза алушы ма еді? – деді Бәкеңнің сөзіне сенбегендей. 




270 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет