Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет260/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Біз есек арбаның қасына келдік. 

– Әй, былай бұр,  - деді Шалдуар есектің шылбырын ұстаған балаға көшенің 

оң жағын нұсқап. – Ыстықкөл көшесіне қарай тарт. Анау, бұрыштағы үй. 

Есек арба оңға қарай бұрылған соң мен: 

- Ал, Шәке, қош болыңыз. Ертең редакцияға келемін, – деп өз жөніме кетуге 

ыңғайландым. 

–  Ой,  қайда  барасың?  -  деді  Шалдуар  «өзіңнің  есің  дұрыс  па?»  дегендей 

маған бажырая қарап. 

– Жатақханаға... Емтиханға әзірленіп жатыр едік. 

– Жатақханаға... - деді ол маған бірдеңесін өткізіп қойғандай қабағын шытып. 

– Сен енді мынаны түсіріп бермейсің бе? 

«Асығыспын,  өзіңіз  түсіріп  алыңыз»  дегелі  бір  тұрдым  да,  Шалдуардың 

түрінен  қорықтым.  «Мінезі  тік  пәле  екен,  ренжіп  қап,  ертең  жұмысқа 

алдырмай  жүрер»  деп  ойлап,  оның  соңынан  ықылассыз  ілестім.  Ыстықкөл 

көшесі  мен  Гоголь  көшесінің  бұрышындағы  екі  этажды  үйдің  алдындағы 

сарайдың  қасына  есек  арбадағы  сексеуілді  түсірдім,  Шалдуар  үйіне  кіріп, 

ақша алып шықты да, арбакеш баланы жөнелтті. 

–  Әй,  неғып  тұрсың?  –  деді  ол  кетуге  ыңғайланған  маған  қарап.  –  Енді 

бұларды  анау  тасқа  соғып  жармайсың  ба?  –  Менің  қырсау  қимылымды 

аңғарды ма, ол бірден бастырмалата жөнелді. – Сен өзің менен ақы дәметіп 

жүргеннен  саумысың?!  Саған  ақы  не  керек.  Отыз  сомды  олжа  көріп  жүрген 

сен ертең курьер боп, айына төрт жүз сом алып отырсаң шекеңе тар келе ме? 

Менің саған берер ақшам сол. Ұқтың ба? Аһ?.. 

Мына  пәле  шынында  да  бір  сұмдықты  шығарып  жүрер  дедім  де,  үйіліп 

жатқан  сексеуілді  үн-түнсіз  шетінен  сүйреп  жаруға  кірістім.  Тасқа  соғылған 




266 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет