Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет256/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

– Тасқа соғамыз. 

–  Тасқа  ұрғанмен  тез  сынбайды:  кісіні  электр  тогы  соққандай  естен 

тандырып, екі қолды салдыратып тастайды. 

– Соқ ертегіні. Одан да ерініп тұрмын десеңші. 

– Ерінетін дәнеңесі жоқ, сал десеңіз, салып берейін. Маған бәрібір. 

Екеуіміз сексеуіл тиеген есек арбаға ілесіп, қалаға келе жатырмыз. Есек иесі 

ұзын сирақ бала дедектеп алда келеді. Әр көшенің бұрылысына жеткенде ол 

артына бұрылып, 

Шалдуарға айғай салады. 

– Ағай, енді қалай жүремін? 

–  Тура  тарта  бер,  –  дейді  Шалғынбаев  мардымсып.  –  Бірақ  тар  көшенің 

қиылысында осылай, тоқтап сұрап отыр. 

–  Қайта-қайта  сұратып  қайтесіз?  Одан  да  баратын  жердің  әдірісін  бірден 

айтпайсыз ба? – деймін мен баланы аяп. 

–  Сұрасын,  алатын  ақшасын  адалдап  алсын,  -  дейдіШалдуар  тұмсығын 

көтеріп. 

«Шалдуар  десе,  шалдуарсың-ау  өзің.  Атыңды  әкең  дәл  тауып  қойған  екен» 

деймін мен ішімнен. Содан кейін мен ептеп Шалғынбаевтан сыр тартамын. 

– Шәке, осы редакция маңынан жеңіл-желпі жұмыс табыла ма? 

Ол бедірейіп маған қарайды. 

– Кімге? 

– Маған. 



262 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет